USB құрылғысында сақталған мазмұнды (сыртқы HDD, USB жад картасы) тікелей теледидардан оңай әрі ыңғайлы ойнатады.
USB құрылғысын қосу
Қосылған USB жад құрылғысы пайдалануға бірден дайын болады.
USB құрылғысын шығару
Шығарылатын USB жад құрылғысын таңдаңыз.
USB құрылғысының ажыратылғанын көрсететін хабар шыққанда, құрылғыны теледидардан суырыңыз.
USB құрылғысын ажырату үшін таңдағаннан кейін пайдалану мүмкін болмайды. USB жад құрылғысын шығарыңыз да, содан кейін қайта қосыңыз.
USB жад құрылғысын пайдалану бойынша ескертулер
Егер USB жад құрылғысының кірістірілген автоматты түрде тану бағдарламасы немесе жеке драйвері бар болса, құрылғы жұмыс істемеуі мүмкін.
Кейбір USB жад құрылғылары жұмыс істемеуі немесе дұрыс емес жұмыс істеуі мүмкін.
Тек Windows FAT32 немесе NTFS файл жүйелерімен пішімделген жад құрылғыларын пайдаланыңыз.
Сыртқы USB HDD карталары үшін, номиналды кернеуі 5 В және номиналды тогы 500 мА мәнінен кіші болатын құрылғыларды пайдалану ұсынылады.
Көлемі 32 ГБ не одан аз USB жад карталарын және 2 ТБ не одан аз болатын USB HDD карталарын пайдаланған жөн.
Қуатты үнемдеу функциясы бар USB HDD картасы дұрыс жұмыс істемесе, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, USB HDD құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
USB жад құрылғысындағы деректер зақымдануы мүмкін, сондықтан ондағы маңызды ақпараттың басқа құрылғыларға сақтық көшірмесін жасау керек. Деректер үшін тек пайдаланушы жауапты болады және өндіруші деректердің жоғалуы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.