Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > АБАЙЛАҢЫЗ > Техникалық қауіпсіздік

Техникалық қауіпсіздік

  • Қауіпсіздік туралы барлық ескертулер мен нұсқауларды оқып шығыңыз. Тек өндірушінің ұсынған қондырмаларын пайдаланыңыз.

  • Құралды қуат сымы немесе штепселі зақымдалған болса пайдаланбаңыз. Қуат сымын немесе қосқышын ауыстыру керек. Құрылғы дұрыс жұмыс жасамаса, құлап қалса, зақымдалған болса, сыртта қалып кетсе немесе суға құлап кетсе, оны LG Electronics қызмет көрсету орталығына қайтарыңыз.

  • Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған. Электр тоғының соғу қаупін болдырмау үшін үйдің ішінде тек құрғақ еденде ғана қолданыңыз.

  • Бұл құрылғы физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмесе, тәжірибеге және білімге ие болмаған адамдар (балаларды қоса) тарапынан пайдаланылуға арналмаған. Құрылғымен ойнамауы үшін балалар бақылауда болуы керек.

  • Бұл құрылғы - ойыншық емес. Балалардың құрылғымен ойнауына немесе оған отыруына рұқсат бермеңіз.

  • Құрылғыны нәресте немесе сәби ұйықтап жатқан бөлмеде пайдаланбаңыз.

  • Бұл құралды қолданар алдында еденді шамдар, электр сымдары, сынғыш заттар, киім, бос қағаздар сияқты заттардан тазартып, жалюзи немесе перделерге арналған сымдарды тартыңыз.

  • Қауіпсіздікті сақтау үшін, батареяны құрылғыдан шығармаңыз. Құрылғының батареясын ауыстыру қажет болса, көмек алу үшін оны LG Electronics қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне алып барыңыз.