Басқа құрылғылардың батареясын, адаптерін және базасын осы құрылғымен пайдалануға болмайды. Тек LG Electronics компаниясы берген батарея мен базаны пайдаланыңыз.
Осы құрылғының батареясын, адаптерін және базасын басқа құрылғылармен бірге пайдалануға болмайды.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, қуат сымын ажыратып, батареяны алыңыз.
Өзгертілген немесе зақымдалған батареяларды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны немесе батареяны тастағанда, батареяны құрылғыдан алып, қауіпсіз жолмен утилизациялаңыз.
Сұйықтық ағып тұрған немесе пішіні өзгерген батареяны пайдаланбаңыз. Егер батареядан аққан сұйықтық теріге немесе көзге тиіп кетсе, сол аймақты дереу таза сумен жақсылап жуып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяны бөлшектемеңіз немесе қысқа тұйықтамаңыз. Сондай-ақ баспаңыз немесе бөлшектемеңіз.
Батареяны қыздырмаңыз немесе жылу көзінің жанына не тікелей күн сәулесіне қоймаңыз. Батареяны механикалық соққылардан қорғаңыз.
Батарея зарядты сақтай алмайтын болса, оны ауыстырыңыз. Ауыстыру үшін рұқсаты бар LG Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны қоқысқа тастағанда, қайта зарядталатын литий-ионды батареяларды тастау ережелерін сақтаңыз.
Батареяны жою барысында барлық жергілікті ережелерді және талаптарды орындаңыз.