Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық нұсқаулықтарды оқып, осы нұсқаулықтарды сақтаңыз.
Қуат сымын, ашаны, тұғырды немесе өнімнің корпусын су қолыңызбен ұстамаңыз.
Сымдағы немесе ашадағы кез келген ылғалды немесе кірді құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
Құрылғыны ешқашан қуат сымынан ұстап тартпаңыз. Штепсельді әрқашан мықтап ұстаңыз және розеткадан тіке шығарыңыз.
Зақымдалған болса немесе зақымдалған сым не аша сияқты бөлшектері жетіспесе не сынған болса, ешқашан бұл құрылғыны пайдаланбаңыз. Көмек алу үшін өкілетті LG Electronics қызмет көрсету орталығына немесе дилерге апарыңыз.
Қуат сымын қатты күш салып майыстырмаңыз немесе оны ауыр заттың астына қоймаңыз, себебі ол зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны зақымдалған немесе бұзылған розеткаға енгізбеңіз.
Қуат ашасы түсіп қалмауы үшін қабырға розеткасына қатты басып салыңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын кез келген сымын немесе бауын еденнен алып тастаңыз.
Қуат сымын алашалармен немесе кілемдермен жауып тастамаңыз.
Егер өнімнен түсініксіз шу немесе иіс я түтін шығатын болса, LG Electronics компаниясының тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек LG Electronics компаниясының білікті техниктері немесе қызмет көрсетуші персоналы құрылғыны бөлшектей, жөндей немесе өңдей алады.
Ешқашан корпус немесе зарядтау станциясының тесігіне немесе саңылауына ине, шеге немесе пышақ сияқты өткір металл заттарды енгізбеңіз.
Бұл құралмен сұйықтықтарды тазаламаңыз. Өнімнің корпусына немесе үй станциясына су, сусын немесе жуғыш зат кірмейтініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының өткір жүздерді, түйреуіштерді, жоңқаларды, өткір заттарды немесе ыстық я суық күлдерді сыпырып тартып алуына жол бермеңіз.
Киімді және шашты, саусақтарды немесе дененің басқа бөліктерін саңылауларға және қозғалмалы бөліктерге жақындатпаңыз.
Бояу еріткіштен, күйеден қорғауыш заттардан, тұтанатын заттардан немесе басқа жарылғыш я уытты заттардан болатын булар жиналған жабық кеңістікте пайдаланбаңыз.
Құрылғыдағы және тұғыр станциясындағы зарядтау клеммаларына қол тигізбеңіз немесе құрылғы ішіне не станциясына электр тогы бар затты енгізбеңіз.
Егер жерге тұйықтауды ажыратқыш өнімді тұғыр станциясына орнатқанда іске қосылса, құрылғыны тұғыр станциясынан дереу алып тастаңыз. LG Electronics компаниясының тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жылыту құрылғысын немесе тұтанатын заттарды (эфир, бензол, спирт, химиялық заттар, жанғыш спрей, инсектицид, ауа сергітуші немесе косметиканы) құрылғыға жақын ұстамаңыз.
Сұйық заттарды (су, сусындар), иісі бар заттарды (кәмпит, шоколад, үй жануарларының нәжістері), металл заттарды (пышақтар, инелер), тұтанғыш заттарды, сурфактанттарды немесе шыны жарықшақтарды осы құрылғымен тазалап алуға әрекеттенбеңіз.
Газ шыққан жағдайда (табиғи газ, пропан газ, т.б.), осы немесе қандай да бір басқа құрылғыны қолданбаңыз. Аймақты дереу желдету үшін терезені немесе есікті ашыңыз.
Батареяның ішіне су, сусын немесе жуғыш құралдың енуіне жол бермеңіз.
Тұғыр станциясын тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету кезінде қуат сымын желіден ажыратыңыз.