Үсті > Пайдалану > Мұз генераторы > Мұз дайындағышты пайдалану

Мұз дайындағышты пайдалану

Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.

Бұл жерде мұз қолмен дайындалады.

  • Мұзға арналған қалыпты тұтқасынан ұстап тұрып, тартыңыз.

  • Мұз жасалатын науаның белгіленген сызығына дейін ауыз суын толтырыңыз.

  • Мұз жасалатын науаны өз орнына абайлап қойыңыз.

  • Мұз дайындағыштың тұтқасын сағат тілінің бойымен бұраңыз.

  • Мұз сақталатын ұяшықты ақырын көтеріп, шығарып алыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ
  • Ішетін сумен ғана толтырыңыз.

ЕСКЕРТУ
  • Мұз науасын қатты майыстыруға болмайды, сынып кетуі мүмкін.

  • Егер мұздатқыш есігін жиі ашып-жапсаңыз, су ұзақ қатуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ
  • Егер мұз науасы шамадан тыс толып кетсе, мұз текшелері бір-біріне жабысып, алу қиынға соғуы мүмкін.

  • Жылдам мұз жасау үшін басқару тақтасында Express Freeze түймесін басыңыз.

  • Мұз науасына су бүркісеңіз, мұз оңай алынады.

  • Мұз дайындағышты немесе мұзды сақтау себетін пайдаланбайтын болсаңыз, мұздатқыштың ішінде орын босату үшін оларды алып тастаңыз.