Үсті > ПАЙДАЛАНУ > Қосымша опциялар мен функциялар > Негізгі опцияларды пайдалану

Негізгі опцияларды пайдалану

Келесі негізгі опцияларды пайдаланып бағдарламаларды теңшеуге болады:

Пpeдв. cтиpкa (Алдын ала жуу)

Бұл опцияны қатты ластанған киімдерді жуу барысында пайдаланған дұрыс.

  • Питание (Қуат) түймесін басыңыз.

  • Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.

  • TurboWash және Сушка (Кептіру) түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз.

  • Пуск/Пауза (Бастау/Кідірту) түймесін басыңыз.

Дoбaвить бeльe (Киім қосу)

Жуу бағдарламасы басталған соң, киімдерді қосу немесе шығару үшін осы опцияны пайдалануға болады.

  • Питание (Қуат) түймесін басыңыз.

  • Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.

  • Пуск/Пауза (Бастау/Кідірту) түймесін басыңыз.

  • Қажет болса, Дoбaвить бeльe (Киім қосу) түймесін басыңыз.

  • Есікті құлыптан босатқаннан кейін ашып, қажетті киім заттарын қосыңыз немесе алыңыз.

  • Есікті жабыңыз және Пуск/Пауза (Бастау/Кідірту) түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барабан ішіндегі су деңгейі немесе температура жоғары болып тұрғанда, есік құлыптаулы болады. Бұл уақытта киімді қосу мүмкін емес.

Тaймep (Соңын кідірту)

Көрсетілген уақыт аралығынан кейін құрылғыны автоматты түрде іске қосып, аяқтайтындай етіп, осы функцияны орната аласыз.

  • Питание (Қуат) түймесін басыңыз.

  • Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.

  • Қажет болса, Тaймep (Соңын кідірту) түймесін басыңыз.

  • Пуск/Пауза (Бастау/Кідірту) түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Тaймep (Соңын кідірту) түймесінің жарық диодынан басқа, басқару тақтасындағы барлық жарық диодтары 20 минут ішінде өшіріледі. Бұл функция сатып алынған үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Кідірту уақыты – бағдарламаның басталуына дейінгі емес, аяқталуына дейінгі уақыт. Нақты жұмыс істеу уақыты су температурасына, киімге және басқа факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Функциядан бас тарту үшін Питание (Қуат) түймесі басылуы қажет.

  • Бұл функцияға сұйық жуғыш затты пайдаланбаңыз.