Бұл функцияның көмегімен СТАРТ/ЕНУ түймесін басқан сайын Жоғары қуатта ас әзірлеудің 30 секундтық интервалын орнатуға болады.
ТОҚТА/ТАЗАРТУ түймесін басыңыз.
СТАРТ/ЕНУ түймесін төрт рет басып көріңіз.
Пеш ас әзірлеуді бастайды және дисплейде кері санақ басталады.
Пеш ас әзірлеу процесін дереу бастап, жоғары қуат деңгейінде 30 секунд жұмыс істейді.
СТАРТ/ЕНУ түймесін басқан сайын ас әзірлеу уақыты 30 секундқа артады.
Ас әзірлеу уақытын 99 минут 59 секундқа дейін ұзартуға болады.