Автоматты ас әзірлеу функциясын қолданбасаңыз, ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейі қолмен орнатылады.
ТОҚТА/ТАЗАРТУ түймесін басыңыз.
Дисплейде қажетті қуат деңгейі пайда болғанға дейін Қуат түймесін басыңыз.
Көп/Аз түймесін басу арқылы қажетті уақытты таңдап,СТАРТ/ЕНУ түймесін басыңыз.
Ас әзірлеу процесі аяқталғанда, дыбыстық сигнал шығады және дисплей терезесінде End сөзі пайда болады. Есік ашылғанға дейін немесе кез келген түйме басылғанға дейін, дисплейде End сөзі тұра береді және дыбыстық сигнал бір минут сайын қайталанып тұрады.
Егер қуат деңгейі таңдалмаса, пеш әдепкі параметр бойынша Жоғары қуат деңгейінде тұрады.