Бұл функцияның көмегімен йогурт жасауға немесе әзірленген тамақтың температурасын ұстап тұруға болады.
ТОҚТА/ТАЗАРТУ түймесін басыңыз.
Дисплейде қажетті режим коды пайда болғанға дейін ЙОГУРТ/ЫСТЫҚТАЙ түймесін басыңыз.
СТАРТ/ЕНУ түймесін басыңыз.
Оқшаулау: дисплейде 5h00 сөзі пайда болады.
Ыстықтай сақтау: дисплейде 1h30 пайда болады.
Оқшаулау
Пастерленген қаймағы алынбаған сүтті және табиғи йогуртты пайдаланыңыз.
Сүт пен йогурттың мына түрлерін пайдаланбаңыз:
2%, 1% немесе майсыз сүт, кальцийі жоғары сүт, соя сүті, қалдық сүт, мерзімі өтіп кеткен сүт.
Қалдық йогурт, мерзімі өтіп кеткен йогурт.
Йогуртты оқшауламас бұрын, ыдыс-аяқтың барлығын мұқият ыстық сумен жуыңыз және кептіріңіз.
Оқшаулау кезінде йогуртты шайқауға немесе араластыруға болмайды, себебі ол йогурттың маңыздылығына әсер етеді.
Ингредиенттерінің мөлшері ұсынылғаннан да жоғары болса, оқшаулау уақытын ұзартыңыз.
Ыстықтай сақтау
Қытырлақ өнімдерді (кондитерлік өнімдер, бәліштер, салындысы бар бәліштер және т.б.) ыстықтай сақтаған кезде, олардың бетін ашып қою керек.
Сулы азық-түлікті пластик орамамен немесе микротолқынды пешке төзімді қақпақпен жауып қою керек.
Ыстықтай сақтауды қажет ететін азық-түлік 1–3 порция болуы тиіс. Сулы азық-түлікті ұзақ жылы ұстаған сайын құрғай беруі мүмкін.
Жылыту кезінде пластик орама азық-түлікке тиіп тұруы керек.
Қажетті код пен салмақ шегін орнату үшін төмендегі кестені қараңыз.
Бастапқы температура: қанжылым
Ыдыс-аяқ: микротолқынға қауіпсіз табақ
Ингредиенттер
500 мл, пастерленген қаймағы алынбаған сүт
100 г, табиғи йогурт
Температурасы 40–50°C-қа жеткенше жоғары микротолқынды пеште 1:30 - 2:30 бойы сүтті ысытыңыз.
Йогурт қосып, араластырыңыз.
Пластик орамамен жауып, пісіріңіз.
Тұру уақыты: тоңазытқышта 5 сағат.
Әзірлеп болған соң, тосап, қант немесе жеміс-жидек қосып араластырыңыз.
Бастапқы температура: қанжылым