Time Machine деген не? Бұл функцияны қазір кө
ріп отырған немесе көргіңіз келген бағдарламаны жазу және нақты уақытта көріп отырған бағдарламаны кері айналдыру үшін пайдалануға болады.
Бірден жазу Көріп отырған бағдарламаны бірден жазады.
Жазбаны жоспарлау Қажет бағдарламаны таңдайды немесе жазатын уақытты орнатады.
Ойнату Жазбаларды ойнатады.
Live Playback Нақты уақытта көріп отырған бағдарламаны кері айналдырады.
[Бұл функция тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Сондай-ақ, RF (РЖ) кабелі арқылы жіберілген сандық/аналогтық бағдарламаларды және AV IN кірісі арқылы ойнатылған мазмұнды жаза аласыз.
Приставка арқылы қамтамасыз етілетін авторлық құқықпен қорғалған мазмұнды AV ұясы арқылы жазып алуға қолдау жоқ. Түпнұсқалық DVD/Blu-ray тақырыптарын жазып алуға да қолдау жоқ.
Барлық таратылымдар авторлық құқықтармен қорғалған; осы таратылымдардың көшірмесін жасау немесе оларды ойнату алдында авторлық құқық иесінен рұқсат алу керек болуы мүмкін. Егер пайдаланушы осы құрылғыны пайдаланып дыбысты немесе бейнені жазса, жазбалар тек жеке пайдалану үшін болуы керек. Авторлық құқықтармен қорғалған жазбаларды, тасымалдауға немесе жалға беруге тыйым салынады.