Дауысты тану функциясын пайдалану үшін
Бұл мүмкіндік тек кейбір елдерде қол жетімді.
Іздеу функциясын пайдалану
  1. This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМ Іздеу тармағына өтіңіз. Мәтін жолының сол жағындағы дауысты тану белгішесін (Mic icon) таңдаңыз.
  2. Дауысты тану терезесі пайда болғаннан кейін баяу және анық сөйлеңіз.
  3. Дауысты тану аяқталғаннан кейін «Ұқсас тізім» терезесі пайда болады. Қалқымалы терезеде керекті нәтижелер болмаса, әрекетті қайталау үшін Қайталау түймешігін қайтадан басыңыз. Ең ұқсас нәтижені таңдаңыз, сонда ол мәтін жолында көрсетіледі. Керекті нәтижені алу үшін, «Іздеу» түймесін басыңыз.
Осы функцияны интернетте пайдалану
  1. This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМ Интернет тармағына өтіңіз. Пернетақта терезесін ашу үшін, сиқырлы қашықтан басқару құралының меңзерін веб-тораптың мәтін жолына апарыңыз.
  2. Виртуалды пернетақтадағы мәтін жолының сол жағындағы дауысты тану белгішесін (Mic icon) таңдаңыз.
  3. Дауысты тану терезесі пайда болғаннан кейін баяу және анық сөйлеңіз.
  4. Дауысты тану аяқталғаннан кейін «Ұқсас тізім» терезесі пайда болады. Қалқымалы терезеде керекті нәтижелер болмаса, әрекетті қайталау үшін Қайталау түймешігін қайтадан басыңыз. Ең ұқсас нәтижені таңдаңыз, сонда ол мәтін жолында көрсетіледі. Керекті нәтижені алу үшін, веб-тораптағы «Іздеу» түймесін басыңыз.
Веб-сайт (www.lgappstv.com) кейбір елдерде қол жетімді емес.
Танылған нәтиже мәтін жолында тұрғанда дауысты тану функциясымен әрекетті қайталасаңыз, алдыңғы нәтиже жаңасымен алмастырылады.
QWERTY пернетақтасы экраныңызда көрсетілгеннің өзінде сиқырлы қашықтан басқару құралындағы (Mic icon) түймесін басқанда, «Дауыспен іздеу» функциясын пайдалануға болады.
Дауысты тану функциясын пайдаланбастан бұрын желі байланысын тексеріңіз.
Қашықтан басқару құралын бетіңізден 10 см-ге дейінгі қашықтықта пайдалану ұсынылады.
Тым тез немесе тым баяу сөйлесеңіз, дауысты тану тым тез немесе тым баяу болуы мүмкін.
Тану көрсеткіші пайдаланушының жеке ерекшеліктері (дауысы, айтуы, интонациясы мен жылдамдығы) мен ортаға (шуыл мен теледидар дыбысының деңгейі) байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Дауысты тану тілін өзгерту үшін This is the Home button on the Magic remote control. Параметрлер ПАРАМЕТР Language Дауысты тану тілі тармағына өтіңіз.
Аватарды Қосу / Өшіру күйіне This is the Home button on the Magic remote control. Параметрлер ПАРАМЕТР Аватарды көру тармағында орнатуға болады.
технологиясына негізделген Naturally Speaking (DRAGON) logo