Құрылғыны LG кір жуғыш машинасының үстіне қоюға және дестелеу жинағы арқылы берік бекітіп қоюға болады. Оның дұрыс орнатылуын қамтамасыз ету үшін бұл орнату жұмысын білікті қызмет көрсету мамандары орындауы керек.
Білікті қызметкерлер кір алдынан салынатын LG кір жуғыш машинасына арналған дестелеу жинағын таңдап, оны мықтап бекітіп береді. Сондықтан оны өз ісінің маманы орындаған дұрыс.
Кейбір үлгілері сатылғанда, керек-жарақтары толық берілмейді. Егер үлгімен бірге LG дестелеу жинағы бірге берілмесе, оны сатып алуыңыз керек болады. Сатып алғыңыз келсе, LG Electronics тұтынушыларының ақпараттық орталығына хабарласыңыз немесе LG веб-сайтына (http://www.lg.com) кіріңіз.
LG SIGNATURE кір жуу машинасындағы дестелеу функциясы қолжетімді емес.