Құрылғыны жылу көзінің жанына орнатуға болмайды. Құрылғының артқы жағы жақсы желдетілуі керек. Бұл нұсқауларды орындамаған жағдайда, мәселелер пайда болады.
Құрылғы теңізде пайдалануға немесе автотіркеме, ұшақ және т.б. қозғалмалы көліктерде пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғыны кірістірілген техника ретінде орнатуға болмайды. Ол кірістірілген техника ретінде жұмыс істеуге арналмаған.
Киім-кешекті жақсы кептірсін десеңіз, құрылғының артқы жағын қабырғадан алшақ ұстаңыз.
Құрылғы орнатылатын орын минималды аралыққа қойылатын шарттарға сай келуі керек.
Құрылғыны тегіс қатты еденге орнатыңыз. Құрылғы астындағы рұқсат етілген еңіс – 1 градус.
Құрылғының астындағы еденнің ойлы-қырлы жерлерін ағаш бөліктерін, картондарды немесе ұқсас материалдарды қойып, тегістемеңіз.
Бұзылып қалған жағдайда, қызмет көрсету мамандары оңай қол жеткізе алатын жерге орнату керек.
Құрылғыны тоңазытқыш, пеш немесе жылытқыш сияқты жоғары температуралы құрылғылардың жанына орнатуға болмайды. Ол киімнің нашар кебуіне және бағдарламаның ұзақ жұмыс істеуіне себеп болады. Сонымен қатар ол компрессордың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Құрылғыны қату немесе шаң қаупі бар жерде орнатпаңыз. Сорапта және төгу шлангында конденсат суының қатуынан құрылғы тиісті түрде жұмыс істей алмауы немесе зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы орнатылған күйде, құрылғының тұрақты болуын және құрылғының үсті мен кез келген жұмыс бетінің астыңғы жағы арасында шамамен 20 мм аралықтың қалуын қамтамасыз ету үшін төрт табанның барлығын сомын кілтімен реттеңіз.

A | 100 мм |
B | 20 мм |