Үсті > СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ > LG ThinQ қолданбасы > LG ThinQ қолданбасының функциялары

LG ThinQ қолданбасының функциялары

Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып, смартфон арқылы құрылғыңызды басқарыңыз.

Смарт жұптастыру

Бұл функция соңғы аяқталған жуу бағдарламасы туралы пайдалану ақпаратының негізінде кептіргіш үшін ең жақсы бағдарламаны және параметрлерді автоматты түрде таңдайды.

ЕСКЕРТПЕ
  • Бұл функцияны пайдалану үшін кір жуу машинасы да, кептіргіш те LG ThinQ қолданбасына қосылып тұруы керек.

  • Бұл функцияны LG ThinQ қолданбасында қоссаңыз және кір жуғыш машинаны қолданып болған соң, кептіргішті қоссаңыз, ұсынылған кептіргіш бағдарламасы автоматты түрде орнатылады.

Smart Diagnosis

Бұл функция пайдалану шартының негізінде жабдықта диагностика жасау үшін және мәселелерді шешу үшін пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Push ескертуі

Цикл аяқталғанда немесе құрылғыда проблемалар болғанда, смартфонға push-хабарландыруларын алу мүмкіндігіңіз болады. LG ThinQ қолданбасы өшірулі болса да хабарландырулар іске қосылады.

Қуатты бақылау

Бұл функция соңғы қолданылған циклдер мен айлық орташа энергия тұтынуын тексереді.

Параметрлер

Құрылғы мен қолданбада әртүрлі опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.

ЕСКЕРТПЕ
  • Сымсыз роутерді, Интернет провайдерін немесе құпия сөзді өзгертсеңіз, LG ThinQ қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып, оны қайтадан тіркеңіз.

  • Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі мүмкін.

  • Ерекшеліктері үлгісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін.