Үсті > СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ > LG ThinQ қолданбасы > LG ThinQ қолданбасын пайдалану алдында

LG ThinQ қолданбасын пайдалану алдында

  • Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін) тексеріңіз.

    • Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым алыс болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.

  • Смартфоныңыздағы Мобильді деректер немесе Ұялы деректер функциясын өшіріңіз.

  • Смартфоныңызды сымсыз роутерге қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Wi-Fi байланысын тексеру үшін басқару панеліндегі f белгішесі жанып тұрғанын тексеріңіз.

  • Құрылғы 2,4 ГГц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз роутердің нұсқаулығын қараңыз.

  • LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.

  • Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.

  • Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.

  • Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

  • Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.

  • Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі ақаулыққа байланысты құрылғыны тіркеу мүмкін болмаса, құрылғыны электр жүйесінен ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір минуттай күтіңіз.

  • Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.

  • Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)

  • Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайтадан тіркеңіз.