Мына нұсқауларды ескере отырып, түк сүзгісін дұрыс жолмен тазалаңыз. Олай етпесеңіз, жылу алмастырғышта жиналып қалған түкті дұрыс тазалау мүмкін болмайды.
Түк сүзгісін шығармас бұрын, құрылғыдан кірді түгелдей шығарыңыз.
Түк сүзгісін тазалаған соң, оларды орнына қойыңыз. Егер түк сүзгісі құрылғыға орнатылмаса, құрылғыны пайдалана алмайсыз.

Ішкі сүзгі
Құрылғыны қолданар алдында және қолданған соң міндетті түрде ішкі сүзгіні тазалаңыз.
Сыртқы сүзгі
10 рет кептірген соң немесе сыртқы сүзгіге түк жиналып қалғанда, сыртқы сүзгіні тазалаңыз.
Ішкі сүзгіні сыртқы сүзгіден тартып шығарыңыз, содан кейін ішкі сүзгіні тазалаңыз.
Сүзгіні ашу үшін көрсеткінің бағытына қарай майыстырыңыз.

Алдымен жинақталып қалған түкті алып тастаңыз, содан кейін қалған түкті шаңсорғышпен тазалаңыз немесе сумен шайып тастаңыз.

Сүзгі су болып тұрса, оны толығымен кептіру керек. Олай етпесеңіз, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Ішкі сүзгіні толығымен кептірген соң, сүзгінің орнасын басып, жабыңыз.
Ішкі сүзгінің сол және оң жағы дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ішкі сүзгіні сыртқы сүзгіге салыңыз.
Сүзгі кіретін жердегі шаңды немесе түкті тазалаңыз.

Сүзгі тұратын саңылауға түк түсіп кетсе, кептіру жұмысы нашарлайды және кептіру уақыты ұзарады.
Сыртқы сүзгіні шығарып алыңыз.
Ішкі сүзгіні алыңыз.
Сыртқы сүзгінің жоғарғы жиегін ұстап тұрып, көрсеткі бағытына қарай майыстыру арқылы сыртқы сүзгіні ашыңыз.

Қалдық түкті шаңсорғышпен тазалаңыз немесе сумен шайып тастаңыз.

Сүзгі су болып тұрса, оны толығымен кептіру керек. Олай етпесеңіз, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Сүзгінің бір жағын басып тұрып, a сыртқы сүзгіні жабыңыз.

Сүзгінің бір жағы толық жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаса, сүзгіде жиналып қалған түк құрылғының ішіне кіріп кетуі мүмкін және кептіру процесі нашарлайды.

Оларды жауып, екі түк сүзгісін де қайта салыңыз.

Түк сүзгісі орнында болмаса, кір салуға немесе шығаруға болмайды. Жуылатын кір сүзгінің саңылауына түсіп кетуі мүмкін. Түсіп кеткен жағдайда, құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалады.