Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > АБАЙЛАҢЫЗ > Пайдалану

Пайдалану

  • Қандай да бір панельдерді бөлмеңіз немесе құрылғыны бөлшектемеңіз. Құрылғыны басқару мақсатында басқару панеліне ешқандай үшкір заттарды қолданбаңыз.

  • Құрылғының қандай да бір бөлшегін жөндемеңіз немесе ауыстырмаңыз. Егер осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмесе, барлық жөндеу және қызмет көрсету әрекеттерін білікті қызмет көрсету қызметкері орындауы қажет. Тек өкілетті зауыттық бөлшектерді пайдаланыңыз.

  • Құрылғының астындағы және айналасындағы аймаққа мамық, қағаз, шүберек, химикаттар т. б. сияқты жанғыш заттарды жақындатпаңыз.

  • Құрылғының ішіне жануарларды салмаңыз.

  • Бұл құрылғының есігін ашық қалдырмаңыз. Балалар есігіне асылып не ішіне өрмелеп кіріп, зақымдауы не жарақатқа себеп болуы мүмкін.

  • Жұмыс істеп тұрғанда құрылғыны ұстамаңыз. Барабанның толықтай тоқтауын күтіңіз.

  • Тұтанғыш немесе жарылғыш заттармен (мысалы, балауыз, май, бояу, бензин, майды кетіргіштер, құрғақ тазалау еріткіштері, керосин, көкөніс майы, әзірлеу майы, т.б.) тазаланған, жуылған, оларға малынған немесе олардың дақтары түскен заттарды салмаңыз, жумаңыз немесе кептірмеңіз. Тиісті емес пайдалану өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

  • Су аққан жағдайда, тоқ көзінен ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

  • Құрылғының есігі ашық тұрғанда, оны баспаңыз.

  • Жанғыш газ бен жанғыш заттарды (бензин, жанармай, сұйылтқыш, мұнай, спирт т.б.) құрылғының қасында пайдаланбаңыз.

  • Қыс мезгілінде төгу шлангісі не кіріс шланг қатып қалса, оны еріткеннен кейін ғана құрылғыны пайдаланыңыз.

  • Барлық жуу құралдарына, жұмсартқыштарға және ағартқыштарға балаларды жақындатпаңыз.

  • Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен ұстамаңыз.

  • Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.