Киімдерді кептірген соң, құрылғының негізгі корпусында аздаған конденсат жиналып, тұрып қалса, иіс шығуы мүмкін. Құрылғыдан шығатын жағымсыз иісті азайту үшін, қалдық суды жүйелі түрде төгіп тұрыңыз.
Ұзақ уақытқа бір жаққа кететін болсаңыз, қалдық суды міндетті түрде төгіп кетіңіз, себебі қалған су тұрып қалып, жағымсыз иіс шығады.
Жағымсыз иісті кетірмес бұрын, қалдық суды төгіп тастағаныңыз дұрыс болады.
Күн суықта негізгі төгу шлангісінде қалып кеткен су қатып қалып, кептіру жұмысының нашарлауына себеп болады. Қалдық суды төгіп тастасаңыз, құрылғы күтпеген жерден қатып қалмайды.
Холодный воздух (Суық ауа) бағдарламасын 3 минут қосып, содан кейін құрылғыны өшіріңіз.
Құрылғының астындағы су төгу түтігін шығарып алып, қалдық суды төгіп тастаңыз.

Қосымша су төгу шлангісі орнатылған болса немесе құрылғы кір жуғыш машинаның үстіне қойылған болса, су контейнерін пайдаланыңыз.
Тығынды су төгу шлангісіне қайта орнатып, су төгу түтігін өз орнына қойыңыз.

Түтік ашық тұрғанда, су ағып кетуі мүмкін. Тығынның дұрыс орнатылып тұрғанын тексеріңіз.