Біраз уақыт қолданған соң, құрылғыдан жағымсыз иіс шыға бастауы мүмкін. Ол иіс кепкен киімдерде қалып қалуы мүмкін. Осы тазалау функциясын жиі пайдаланып тұрсаңыз, құрылғыдан жағымсыз иісті жоюға болады.
Құрылғыдан киімдердің барлығын шығарыңыз.
Су контейнерін шығарыңыз, ондағы конденсатты төгіңіз және су контейнерін қайта құрылғыға салып қойыңыз.
Құрылғыны қосыңыз.
Очистка барабана (Барабанды тазалау) түймесін басыңыз.
Старт/Пауза түймесін басыңыз.
Бұл функция шамамен 3 сағат жұмыс істейді.
Функция аяқталған соң, су контейнерін босатыңыз.
Қосымша төгу шлангісі орнатылып тұрса, су контейнеріндегі суды төгудің қажеті жоқ.
Қалған иіс шығып кетуі үшін кептіргіштің есігін ашып қойып, құрылғыны желдетіңіз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыға балалардың немесе жануарлардың кіруіне жол бермеңіз. Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарақаттауы мүмкін.