Тұрмыстық жабдығыңыз бен смартфоныңыз Wi-Fi желісіне қосылмаған.
Wi-Fi желісіне қосылу үшін пайдаланып жатқан құпиясөзіңіз дұрыс емес.
Смартфоныңызға қосылған Wi-Fi желісін тауып, жойыңыз да, құрылғыңызды LG ThinQ арқылы тіркеңіз.
Смартфоныңыздың мобильді деректері қосулы.
Смартфонның Мобильді деректер функциясын өшіріп, құрылғыны Wi-Fi желісі арқылы тіркеңіз.
Сымсыз желі атауы (SSID) қате орнатылды.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
Роутердің жиілігі 2,4 ГГц емес.
Жиілігі 2,4 ГГц болатын роутерге ғана қолдау көрсетіледі. Сымсыз роутер жиілігін 2,4 ГГц мәніне орнатып, жабдықты сымсыз роутерге қосыңыз. Роутер жиілігін тексеру үшін, интернет провайдеріне немесе роутер өндірушісіне хабарласыңыз.
Құрылғы роутерден тым алыс орналасқан.
Құрылғы мен роутердің арасы тым алыс болса, сигнал әлсіз болып, байланыс дұрыс конфигурацияланбауы мүмкін. Роутерді жабдыққа жақын орналастырыңыз.