Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > ЕСКЕРТУ > Орнату

Орнату

  • Ақаулығы бар немесе техникалық сипаттамасы төмен автоматты ажыратқышты пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыны арнайы тізбекте пайдаланыңыз.

    • Өрттің шығу немесе электр тоғымен зақымдану қауіпі бар.

  • Электр жұмыстарын жүргізу үшін дилерге, сатушыға, білікті электр маманына немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

    • Өнімді бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.

  • Өнімді әрқашан жерге тұйықтаңыз.

    • Өрттің шығу немесе электр тоғымен зақымдану қауіпі бар.

  • Басқару блогының панелі мен қақпағын нық орнатыңыз.

    • Өрттің шығу немесе электр тоғымен зақымдану қауіпі бар.

  • Әрқашан арнайы дайындалған тізбек пен ажыратқышты орнатыңыз.

    • Дұрыс емес жалғау немесе орнату өрттің орын алуына немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін

  • Дұрыс номиналды ажыратқышты немесе сақтандырғышты пайдаланыңыз.

    • Өрттің шығу немесе электр тоғымен зақымдану қауіпі бар.

  • Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз.

    • Өрттің шығу немесе электр тоғымен зақымдану қауіпі бар.

  • Құрылғыны өз бетіңізбен (тұтынушы) орнатпаңыз, алмаңыз немесе қайта орнатпаңыз.

    • Өрт шығу, электр тогының соғуы, жарылыс немесе жарақаттану қаупі бар.

  • Өнімді қаптан шығару және орнату кезінде абай болыңыз.

    • Өткір шеттері жарақаттауы мүмкін. Әсіресе, конденсатор және буландырғыш корпусының шеттері мен қалақтарынан абай болыңыз.

  • Орнату жұмыстарын орындау үшін дилерге немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

    • Өрт шығу, электр тогының соғуы, жарылыс немесе жарақаттану қаупі бар.

  • Өнімді зақымдалған орнату тұғырына орнатпаңыз.

    • Бұл жарақаттануды, жазатайым оқиғаны немесе өнімнің зақымдалуын тудыруы мүмкін.

  • Ылғалдылық өте жоғары болған кезде және есік немесе терезе ашық қалғанда желдеткішті ұзақ уақыт жұмыс істетпеңіз.

    • Ылғал жиналып, жиһазыңызды сулауы немесе зақымдауы мүмкін.

  • Орнатылған өнімді қайта орнату үшін әрдайым дилерге немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

    • Өрт шығу, электр тогының соғуы, жарылыс немесе жарақаттану қаупі бар.

  • Жұмыс кезінде негізгі корпустың техникалық қызмет көрсету қақпағын ашпаңыз.

    • Əйтпесе, электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.

  • Құстардың құрылғы ішіне кіріп кетуіне жол бермеу үшін сыртқы ауа сорғыш саңылауға тор орнатыңыз.

    • Құстың ұясы тәрізді бөгде нәрселерді алып тастаңыз. Әйтпесе, бұл үй ішінде оттегінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

  • Ластанған ауаны тікелей сорып алуға болмайтын жерде ауа қабылдағышты орнатыңыз.

    • Бұл зиянды газдардың (CO және т. б.) сіңуіне байланысты әртүрлі апаттарға, оның ішінде тұншығуға әкелуі мүмкін.

  • Өнімді оның салмағын көтере алатын жерге орнатыңыз.

    • Әйтпесе, бұл өнімнің құлап кетуіне байланысты апатқа әкелуі мүмкін.

  • Құрылғы су құбырына тұрақты түрде қосылуға арналған және шланг жиынтығы арқылы қосылмауы тиіс.

  • Құрылғы жергілікті жалғау ережесіне сәйкес орнатылуы керек.