Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > АБАЙ БОЛЫҢЫЗ > Жұмыс

Жұмыс

  • Теріні ұзақ уақыт бойы салқын ауаның əсеріне ұшыратпаңыз.(Азынақ өтінде отырмаңыз.)

    • Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.

  • Азық-түлікті, өнер туындыларын сақтау және т.с.с. сияқты арнайы мақсаттар үшін бұл өнімді пайдалануға болмайды. Бұл дәл салқындату жүйесі емес, ол — тұрмыстық желдеткіш.

    • Мүліктің зақымдалу немесе мүліктен айрылу қаупі бар.

  • Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз. Қатты жуғыш құралдарды, ерітінділерді т.б химиялық қоспаларды пайдаланбаңыз.

    • Өрт шығу, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің зақымдалу қаупі бар.

  • Өнімді аяқпен баспаңыз не оның үстіне ештеңе қоймаңыз.(сыртқы блоктар)

    • Жеке тұлғалардың зақымдалу және өнімнің бүліну қаупі бар.

  • Өнімді тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету кезінде берік орындықты немесе сатыны пайдаланыңыз.

    • Абай болыңыз және зақым алуды болдырмаңыз.

  • Құрылғыны орнатқан, күтіп ұстаған немесе техникалық қызмет көрсеткен кезде тиісті дара қорғаныс құралдарын (ДҚҚ) киіңіз.

  • Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және дене, сенсорлық немесе ақылой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдар, бақылауда болғанда және аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанда және оны пайдаланумен байланысты қауіпті түсінгенде қолдана алады.

  • Бұл құрылғы физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе бақылауда болмаса не қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмесе, тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса) пайдалануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын бақылау керек.