Шаңды жинау үшін төсек-орын жабдығы саптамасын ұзартқыш түтігінен ажыратып, саңылаулы саптаманы шланг тұтқасына бекітіңіз.


Саптама ішіндегі шаңды саңылаулы саптама арқылы кетіре алмасаңыз, қолмен кетіріңіз.

Астыңғы пластинаны ажырату үшін төсек-орын жабдығы саптамасының артқы жағындағы фиксатор түймесін басыңыз.

Кіріс портынан бөгде заттарды (жіп, шаш) алып тастаңыз.

Тек астыңғы пластинаны салқын ағынды суға жуыңыз.

Төменгі бөліктегі аудару иінтірегін түзетіңіз.

Астыңғы пластинаны жинау үшін оны саңылауларға кіргізіп, итеріп бекітіңіз.

Төсек-орын жабдығы саптамасын суға салмаңыз. Вибратор істен шығуы мүмкін.
Қоқыс жәшігін сағат тілі бағытымен бұрап, алыңыз.

Шаңды қоқыс қабына тастаңыз.
Қоқыс жәшігін жинау үшін оны енгізіп, сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
