Үсті > ЖҰМЫС > Арнайы функцияларды пайдалану > Ұйқы таймері

Ұйқы таймері

Құрылғыны белгіленген уақыттан кейін автоматты түрде өшетін етіп орнатуға болады. Құрылғы температураны, желдеткіш жылдамдығын және ауа ағынының бағытын автоматты түрде өзгертеді. Ұйқы таймерін орнатудың екі жолы бар.

Бұл функцияны құрылғы қосулы кезде орнатуға болады.

1-әдіс

  • Құрылғыны қосыңыз.

  • Функция түймесін басыңыз.

  • Төмендегі белгіше дисплей экранының төменгі жағында жыпылықтағанша L немесе M түймесін басыңыз. Содан кейін Функция түймесін басыңыз.

  • Қажетті уақытты орнатуу үшін L немесе M түймесін басыңыз. Содан кейін Функция түймесін басыңыз.

    • 30 минуттан бастап, ұйқы таймерін сағаттық қадамдармен 12 сағатқа дейін орнатуға болады.

2-әдіс

  • Құрылғыны қосыңыз.

  • Ç түймесін басыңыз.

  • Қажетті уақытты орнатуу үшін L немесе M түймесін басыңыз. Содан кейін Функция түймесін басыңыз.

    • 30 минуттан бастап, ұйқы таймерін сағаттық қадамдармен 12 сағатқа дейін орнатуға болады.

ЕСКЕРТПЕ
  • Ішкі блок дисплейі 1 сағ пен 12 сағ аралығында орнатылған уақытты небәрі 5 секунд көрсетеді, содан кейін кейбір үлгілерде жоғалады.

  • Салқындату және Құрғату режимінде, ыңғайлырақ ұйқы үшін температура 30 минуттан кейін 1 7 және тағы 30 минуттан кейін қосымша 1 7 артады. Температура алдын ала орнатылған температурадан 2 7 дейін және 30 7 дейін артады.

  • Дисплей экранындағы желдету жылдамдығы туралы ескерту өзгеруі мүмкін болса да, желдету жылдамдығы автоматты түрде реттеледі.

  • Жылыту режимінде жайлы ұйқыны қамтамасыз ету үшін температура 1 сағаттан кейін 1 7 градусқа және тағы 1 сағаттан кейін қосымша 1 7 градусқа төмендейді. Температура алдын ала орнатылған температурадан 2 7 градусқа дейін төмендейді.

    • Бірнеше сыртқы блокпен қосылған кезде температура автоматты түрде өзгермеуі мүмкін.