Дыбыстық диагностика әдісін қолдану үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірден Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында көрсетілген дыбыстық диагностика нұсқауларын орындаңыз.
Қуат ашасын розеткаға дұрыс салыңыз.
Смартфонның микрофонын құрылғыға жақын қойыңыз.
Функция түймесін басыңыз.
Төмендегі белгіше дисплей экранының төменгі жағында жыпылықтағанша L немесе M түймесін басыңыз. Содан кейін Функция түймесін басыңыз.
Деректерді тасымалдау аяқталғанша смартфонды орнында ұстаңыз.
Деректерді тасымалдау аяқталғаннан кейін диагноз қолданбада көрсетіледі.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін дыбыс сигналдары жіберіліп жатқанда телефонды жылжытпаңыз.
Қоршаған ортадағы шу деңгейінің ең төменгі деңгейде сақталғанына көз жеткізіңіз, әйтпесе телефон ішкі блоктан келетін дыбыстық сигналды дұрыс қабылдамауы мүмкін.