Ауа сүзгісін бүкпеңіз, әйтпесе сынып кетуі мүмкін.
Құрылғыға шаң немесе басқа заттар енбеуі үшін, ауа сүзгісін тиісті түрде құрастырыңыз.
Құрылғы үлгісіне байланысты ілмектердің саны мен орны өзгеше болуы мүмкін.
Құрылғы қуатын өшіріңіз.
Құрылғының алдыңғы жоғарғы жағында орналасқан ауа сүзгісі тұтқаларын табыңыз.
Тұтқалар
Ауа сүзгісі
Тұтқаларды аздап жоғары тартыңыз да, сүзгіні толықтай көтеріп, алып тастаңыз.
Ауа сүзгісіндегі ілмектерді алдыңғы панельдің артқы жағындағы ойықтарға енгізіңіз.
Ілмектерді орныққанша төмен итеріңіз.
Сүзгі дұрыс құрастырылғанына көз жеткізу үшін сүзгінің алдыңғы жағын ұзына бойы толықтай басып шығыңыз.