Теріні ұзақ уақыт бойы салқын ауаның әсеріне ұшыратпаңыз. (Азынақ өтінде отырмаңыз.)
Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Азық-түлікті, өнер туындыларын сақтау және т.с.с. сияқты арнайы мақсаттар үшін бұл өнімді пайдалануға болмайды. Бұл дәл салқындату жүйесі емес, ол — тұрмыстық желдеткіш.
Мүліктің зақымдалу немесе мүліктен айрылу қаупі бар.
Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз. Қатты жуғыш құралдарды, ерітінділерді т.б химиялық қоспаларды пайдаланбаңыз.
Өрт шығу, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің зақымдалу қаупі бар.
Өнімді аяқпен баспаңыз не оның үстіне ештеңе қоймаңыз. (сыртқы блоктар)
Жеке тұлғалардың зақымдалу және өнімнің бүліну қаупі бар.
Өнімді тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету кезінде берік орындықты немесе сатыны пайдаланыңыз.
Абай болыңыз және зақым алуды болдырмаңыз.
Бұл аспап дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдарға (балаларды қоса алғанда), егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғадан аспапты пайдалануға қатысты нұсқаманы алмаған жағдайда пайдалануға болмайды. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан және одан жоғары жастағы балалар және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар, егер оларға қадағалау немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау берілген болса және қауіптерді түсінсе пайдалана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Тазалауды және пайдаланушыға техникалық қызмет көрсетуді балалар қадағалаусыз жасамауы керек.