Үсті > Пайдалану > Мұз генераторы > Жылжымалы мұз дайындағышты пайдалану

Жылжымалы мұз дайындағышты пайдалану

  • Мұз дайындағыштан мұз науасын тартып шығарыңыз.

  • Мұз науасының белгіленген су сызығына дейін су толтырыңыз.

  • Мұз науасын кері орнына сырғытыңыз.

  • Мұз қатқаннан кейін, мұз науасының иінтірегін ұстап, сағат тілімен бұрасаңыз, мұз текшелері босайды.

  • Мұз сақтау құтысын тұтқасынан ұстап тұрып, тартыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ
  • Ішетін сумен ғана толтырыңыз.

ЕСКЕРТУ
  • Мұз науасын сырғытқан кезде, су шашырап кетпесін.

  • Мұз науасын қатты майыстыруға болмайды, сынып кетуі мүмкін.

  • Егер мұздатқыш есігін жиі ашып-жапсаңыз, судың қатуына ұзақ уақыт кетуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ
  • Мұздатқыш бөлімінде көбірек орын қалдыру үшін мұз дайындағышты алып тастауға болады.

  • Егер мұз науасы шамадан тыс толып кетсе, мұз текшелері бір-біріне жабысып, алу қиынға соғуы мүмкін.

  • Мұз науасына су бүркісеңіз, мұз оңай алынады.