Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > Пайдалану

Пайдалану

  • Қашықтан басқару пульті ұзақ уақыт қолданылмаса, батареяларын шығарып алыңыз.

  • Кондиционерді пайдаланбай тұрып, сүзгінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  • Кондиционерді орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін, суық агенттің ақпайтынынына көз жеткізіңіз.

  • Кондиционер үстіне ештеңе қоймаңыз.

  • Басқару пультіне әртүрлі батареяларды немесе ескі және жаңа батареяларды бірге салмаңыз.

  • Ылғалдылық тым жоғары болса немесе есік не терезе ашық қалса, кондиционерді ұзақ пайдаланбаңыз.

  • Батареядан сұйықтық ақса, басқару пультін пайдалануды тоқтатыңыз. Батареяның ағып жатқан сұйықтығы киіміңізге немесе теріңізге тиіп кетсе, таза сумен жуып кетіріңіз.

  • Кондиционерден шығатын суық немесе ыстық жел жолына адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер ұзақ тұрмауы керек.

  • Батареяның ағып жатқан сұйықтығы жұтылса, ауыздың ішкі жағын мұқият шайып, дәрігерге қаралу керек.

  • Кондиционерден аққан суды ішпеңіз.

  • Тамақты немесе өнер туындысын сақтау және т.б. сияқты арнайы мақсаттар үшін өнімді пайдаланбаңыз. Бұл нақты тоңазыту жүйесі емес, тұтынушылық мақсаттарға арналған кондиционер. Меншік зақымдалуы немесе шығынға ұшырау қаупі туындауы мүмкін.

  • Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз.