Егер батарея құрамында 0,0005%-дан артық сынап, 0,002% кадмий немесе 0,004% қорғасын болса, бұл белгі сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасын (Pb) химиялық белгілерімен біріктірілуі мүмкін.
Барлық батареялар мен аккумуляторларды муниципалдық қалдықтардан бөлек, үкімет немесе жергілікті басқару арнайы белгіленген жинау орындарында кәдеге жарату керек.
Сіздің ескі батареялар мен аккумуляторларды дұрыс кәдеге жаратуыңыз қоршаған ортаға, жануар және адам денсаулығына келуі ықтимал теріс салдардың алдын алуға көмектеседі.
Ескі батареялар мен аккумуляторларды кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы кеңсеге, қалдықты кәдеге жарату қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.