Үсті > ПАЙДАЛАНУ > Пайдалануға қатысты ескертпелер > Энергияны үнемдеуге арналған ұсыныстар

Энергияны үнемдеуге арналған ұсыныстар

  • Бөлмені шамадан тыс суытуға болмайды. Бұл денсаулығыңызға зиян болуы және қуат көп тұтынылуы мүмкін.

  • Кондиционерді пайдаланған кезде, жалюзиді немесе пердені күн түспейтіндей жауып қойыңыз.

  • Кондиционер жұмыс істеп тұрған кезде, есіктер немесе терезелер жабық болуы керек.

  • Бөлме ішінде ауа айналымы жүруі үшін, ауа ағынының бағытын тігінен немесе көлденеңінен реттеңіз.

  • Бөлме ішіндегі ауаны қысқа уақыт ішінде жылдам суыту немесе жылыту үшін желдеткіш жылдамдығын арттырыңыз.

  • Желдету үшін терезелерді жиі ашыңыз. Егер кондиционер ұзақ уақыт пайдаланылса, үй ішіндегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

  • Ауа сүзгісін 2 аптада бір рет тазалаңыз. Ауа сүзгісінде жиналған шаң не ластағыш заттар ауа ағынын бөгеуі немесе құрылғы өнімділігін төмендетуі мүмкін.