Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын болса, оны жақсы күйде сақтау үшін кептіріңіз. Өнімділік оңтайлы болуы үшін және ықтимал ақаудың алдын алу үшін құрылғыны жиі тазалап тұрыңыз.
Құрылғыны Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріп, қуатты өшіріңіз. Құрылғы құрамдастарында ылғал қалып қойса, іштей зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны қайта пайдаланбай тұрып, оның ішкі құрамдастарын Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріңіз. Бұл әрекет ылғал әсерінен туындайтын жағымсыз иісті азайтуға көмектеседі.
Ауа сүзгісі
Функция үлгі түріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Түрі | Сипаттамасы | Аралық |
|---|---|---|
Ішкі блок | Ішкі блок бетін жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. | Жиі |
Конденсатты ағызу түпқоймасын маманға тазалатыңыз. | Жылына бір рет | |
Конденсатты ағызу түтігін маманға тазалатыңыз. | 4 ай сайын | |
Сымсыз қашықтан басқару пультінің батареяларын ауыстырыңыз. | Жылына бір рет | |
Сыртқы блок | Жылу алмастырғыштың катушкалары мен панель қалақшаларын маманға тазалатыңыз. (Техник маманмен кеңесіңіз.) | Жылына бір рет |
Желдеткішті маманға тазалатыңыз. | Жылына бір рет | |
Конденсатты ағызу түпқоймасын маманға тазалатыңыз. | Жылына бір рет | |
Тұтас желдеткіш жинағының берік бекітілгенін маманға тексертіңіз. | Жылына бір рет | |
Электрлік құрамдастарды сығылған ауамен тазалаңыз. | Жылына бір рет |
Түрі | Сипаттамасы | Аралық |
|---|---|---|
Ауа сүзгісі | Шаңсорғышпен тазалаңыз немесе қолмен жуыңыз. | 2 апта |
Үш қабатты сүзгі*1 | Үштік сүзгіні тазаламаңыз. (Оны тек ауыстыруға болады.) | - |
Ұсақ шаң сүзгісі*1 | Шаңсорғышпен немесе қылшақпен тазалаңыз. | Айына бір рет |
Ионизатор (кейбір үлгілерде) | Шаңды құрғақ мақта таяқшалармен кетіріңіз. | 6 ай сайын |
Ауаны тазалау сүзгісі
Сүзгілерді температурасы 40-тан 7 жоғары сумен тазаламаңыз. Ол сүзгінің майысуына немесе түссізденуіне әкелуі мүмкін.
Сүзгілерді ұшпа заттармен тазаламаңыз. Ол құрылғы бетін зақымдауы мүмкін.
Ұсақ шаң сүзгісін сумен жууға болмайды, себебі ол зақымдалуы мүмкін (кейбір үлгілерде).
Үш қабатты сүзгіні сумен жууға болмайды, себебі ол зақымдалуы мүмкін (кейбір үлгілерде).
Аллергияға қарсы сүзгіні сумен жууға болмайды, себебі ол зақымдалуы мүмкін (кейбір үлгілерде).