Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын > Wi-Fi

Wi-Fi

Үй құрылғысы мен смартфон Wi-Fi желісіне қосылмаған.

Себебі

Wi-Fi желісіне қосылу үшін пайдаланып жатқан құпиясөзіңіз дұрыс емес.

Шешімі
  • Смартфоныңызға қосылған Wi-Fi желісін тауып, жойыңыз да, жабдығыңызды LG ThinQ қолданбасына қайта тіркеңіз.

Себебі

Смартфоныңыздың мобильді деректері қосулы.

Шешімі
  • Смартфонның Мобильді интернет функциясын өшіріңіз де, жабдықты Wi-Fi желісі арқылы қайта тіркеңіз.

Себебі

Сымсыз желі атауы (SSID) қате орнатылды.

Шешімі
  • Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Арнайы таңбаларды қолданбаңыз.)

Себебі

Роутердің жиілігі 2,4 ГГц емес.

Шешімі
  • Жиілігі 2,4 ГГц болатын роутерге ғана қолдау көрсетіледі. Сымсыз роутер жиілігін 2,4 ГГц мәніне орнатып, жабдықты сымсыз роутерге қосыңыз. Роутер жиілігін тексеру үшін, интернет провайдеріне немесе роутер өндірушісіне хабарласыңыз.

Себебі

Жабдық пен роутердің арасы тым алыс.

Шешімі
  • Жабдық пен роутердің арасы тым алыс болса, сигнал әлсіз болып, байланыс дұрыс конфигурацияланбауы мүмкін. Роутерді жабдыққа жақын орналастырыңыз.