Өкілеттігі жоқ адамдар орнатса немесе жөндесе, сізге және басқаларға қауіп төнуі мүмкін.
Осы нұсқаулықта берілген ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс және тиісті құралдары мен сынаққа арналған аспаптары бар білікті қызмет көрсету маманына арналған.
Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды оқымау және орындамау жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуіне, меншіктің зақымдалуына, жарақат алуға және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Құрылғыны сым жүргізудің ұлттық нормативтеріне сәйкес орнату қажет.
Электр сымын ауыстыру қажет болған кезде, ауыстыру жұмысын өкілеттігі бар маман тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланып орындауы керек.
Ток соғу қаупін азайту үшін бұл құрылғыны тиісті түрде жерге тұйықтау керек.
Жерге тұйықтау істікшесін қуат ашасынан кесуге немесе алып тастауға болмайды.
Қақпақ бұрандасы металл, оқшауланбаған болмаса және қуат розеткасы жерге ішкі сым арқылы тұйықталмаса, жерге тұйықтау сымын қуат розеткасының қақпақ бұрандасына бекіту әрекеті құрылғыны жерге тұйықтамайды.
Кондиционердің жерге дұрыс тұйықталғанына күмәніңіз болса, қуат розеткасы мен тізбекті білікті электршіге тексертіңіз.
Құрылғыда қолданылатын суық агент пен оқшаулау газын арнайы түрде қоқысқа тастау процедуралары қажет. Оларды қоқысқа тастамай тұрып, қызмет көрсету агентінен немесе сондай біліктілігі бар адамнан кеңес алыңыз.
Қуат беру сымы зақымдалған болса, қауіп төнбеуі үшін, оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе сондай біліктілігі бар адам ауыстыруы керек.