Теледидардан мобильді құрылғының экранын көру үшін
  1. Қашықтан басқару құралындағы БАСТЫБАСТЫ түймесін басыңыз.
  2. Screen Share қолданбасын іске қосыңыз.
  3. Мобильді құрылғыдағы Miracast режимін қосыңыз.
  4. Теледидар қолжетімді құрылғылардың тізімінен көрсетіледі.
  5. Теледидарды таңдап, байланысты іздеңіз.
  6. Байланысты бастау үшін «Қосылуда...» деген хабар пайда болады.
  7. Байланыс орнатылған соң, теледидар қосылған құрылғының экранын көрсетеді.
Байланыс сенімді болуы үшін теледидарға жалғанған құрылғыны әрқашан ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасына жаңартуға кеңес беріледі.
Анықталғанның өзігнде LGE компаниясы шығармаған құрылғы қосылмауы мүмкін.
Құрылғыны 5 ГГц маршрутизаторға қосу ұсынылады, себебі жұмыс өнімділігіне сымсыз орта әсер етуі мүмкін.
Пайдаланушының ортасына байланысты жауап жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін.
Ол құрылғылар арасында басқаша болады. Қосылатын құрылғы туралы толығырақ ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Тыңдау режимі кіру нүктесіне жалғағанда сымсыз байланыстың жұмысына әсер етуі мүмкін. Егер сымсыз өнімділікке қатысты мәселелер туындаса, Тыңдау режимі опциясын өшіріңіз.
Егер байланыс қайта сәтсіз болса, қосу керек теледидар және құрылғыны өшіріп қосып, әрекетті қайталаңыз.