Желілік қосылым мәселелері
Егер өнімді пайдаланып жатқан кезде мәселелердің бірі орын алса, мыналарды тексеріңіз: мәселе өнімде болмауы мүмкін.
Желілік қосылым күйін төмендегі жолмен тексере аласыз.
-
Желі
Сымды қосылым (Ethernet)
-
Желі
Wi-Fi байланысы
Қосымша Wi-Fi параметрлері
-
Теледидар жанында X пайда болғанда -
Теледидарды немесе кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз.
- Теледидар, кіру нүктесі (маршрутизатор) және кабельді модемнің байланыс күйін тексеріңіз.
- Келесі ретпен өшіріп, қосыңыз:
1. Кабельді модем, кабельді модем қайта қосылғанша күтіңіз.
2. Кіру нүктесі (маршрутизатор), кіру нүктесі (маршрутизатор) қайта қосылғанша күтіңіз.
3. Теледидар.- Сымсыз байланысты пайдаланып отырсаңыз, кіру нүктесінің (маршрутизатордың) SSID (желі аты) мен сымсыз арнасын өзгертіңіз.
- Тұрақты IP мекенжайын пайдалансаңыз, IP мекенжайын тікелей енгізіңіз.
- Интернет қызметінің провайдеріне немесе кір нүктесі (маршрутизатор) компанияларына хабарласыңыз.
-
Қақпа жанында X пайда болғанда - Кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз немесе Интернет қызметінің провайдерінен көмек алыңыз.
- Кіру нүктесінің (маршрутизатордың), кабельді модемнің қуат сымын ажыратып, 10 секунд күте тұрыңыз. Қуатты қайта қосыңыз.
- Кіру нүктесін (маршрутизаторды), кабельді модемді іске қосыңыз (қалпына келтіріңіз).
- Интернет қызметінің провайдеріне немесе кір нүктесі (маршрутизатор) компанияларына хабарласыңыз.
- Кір нүктесі (маршрутизатор) өндірушісінің веб-сайтынан маршрутизаторда ең соңғы микробағдарлама нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.
-
DNS жанында X пайда болғанда - Кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз немесе Интернет қызметінің провайдерінен көмек алыңыз.
- Кабельді модемнің немесе кіру нүктесінің (маршрутизатордың) қуат сымын ажыратып, 10 секунд күтіңіз. Қуатты қайта қосыңыз.
- Кіру нүктесін (маршрутизаторды), кабельді модемді іске қосыңыз (қалпына келтіріңіз).
- Теледидардың/кіру нүктесінің (маршрутизатордың) MAC мекенжайы Интернет қызметінің провайдерінде тіркелгенін тексеріңіз. (Желі күйі терезесінің тақтасында көрсетілген MAC мекенжайы Интернет қызметінің провайдерінде тіркелген болуы керек.)
Өнімнің мәселелеріне арналған тұтынушылар қызметі туралы ақпарат теледидардағы
Жалпы Осы теледидар туралы бетінде болады.
Жалпы Осы теледидар туралы бетінде болады.