Дұрыс жұмыс істемеу
Егер өнімді пайдаланып жатқан кезде мәселелердің бірі орын алса, мыналарды тексеріңіз: мәселе өнімде болмауы мүмкін.
- Теледидарды қоса алмаймын.
- Теледидардың қуат жалғағышы розеткаға дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
- Егер сіз мультирозетканы пайдалансаңыз, оның дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз.
- Теледидар жинағындағы түйме арқылы іске қосып көріңіз.
- Экранда сигнал жоқ деген хабар береді.
- Коаксиальді кабель немесе теледидар кабелінің теледидарға дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
-
Жалғанған кірісті таңдау үшін
тармағына өтіңіз.
- Сандық телевидение ресивері немесе Blu-ray ойнатқышы секілді сыртқы құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
- Кейбір бағдарламаларды көре алмаймын.
- Антеннаның орнын немесе бағытын дұрыстаңыз.
-
Қажетті бағдарламаларды
Арналар Арналарды реттеу(Арналарды реттеу және параметрлері) немесе Арна реттеушісі ішінен сақтаңыз.
- Қосылғаннан кейін біраз уақыт экран ашылмайды.
- Себебі шуыл кетіретін процесс қосылған кезде пайда болуы мүмкін ықтимал шуылды кетіріп жатыр. Ол өнімде ақаулық бар екенін білдірмейді.
- Сиқырлы қашықтан басқару құралының көрсеткіші экранда көрсетілмейді.
- Қашықтан басқару құралын теледидарға қаратып, түймесін бес секунд басыңыз. Алдында тіркелген қашықтан басқару құралы тіркеуден шығарылады, одан кейін қайтадан тіркеледі.
- Теледидар экранында сәйкес ұсыныстар шықса, батареяларды ауыстырыңыз.
Бұл сиқырлы қашықтан басқару құралына қолдау көрсететін үлгілерге ғана қолданылады.
- USB құрылғысын қосқанымда, ол істемейді.
- USB және USB кабелі нұсқаларының 2.0 не одан жоғары екенін тексеріңіз.
Өнімнің мәселелеріне арналған тұтынушылар қызметі туралы ақпарат теледидардағы
Жалпы Осы теледидар туралы бетінде болады.
Жалпы Осы теледидар туралы бетінде болады.