Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып, смартфон арқылы құрылғыңызды басқарыңыз.
Бұл құрылғыны LG ThinQ қолданбасынан қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Құрылғыдағы негізгі циклдарға кірмейтін жаңа және арнайы циклдерді жүктеңіз.
Арнайы циклдердің өзгеше болуы құрылғыны сәтті тіркелген құрылғыларға жүктеу әдісіне ұқсас.
Құрылғыда циклді жүктеу аяқталғаннан кейін, құрылғы жаңа цикл жүктелгенше жүктелген циклді сақтайды.
Құрылғыда бір уақытта тек бір жүктеп алынған циклді сақтауға болады.
Бұл функция Очистка барабана (Барабанды тазалау) функциясын орындауға дейін қанша цикл қалғанын көрсетеді.
Бұл функция соңғы қолданылған циклдер мен айлық орташа энергия тұтынуын тексереді.
Бұл функция пайдалану шартының негізінде жабдықта диагностика жасау үшін және мәселелерді шешу үшін пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Құрылғы мен қолданбада әртүрлі опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
Цикл аяқталғанда немесе құрылғыда проблемалар болғанда, смартфонға push-хабарландыруларын алу мүмкіндігіңіз болады. LG ThinQ қолданбасы өшірулі болса да хабарландырулар іске қосылады.
Келесі жағдайларда "Құрылғы карталары > Параметрлер > Желіні өзгерту" тармағындағы LG ThinQ қолданбасындағы әрбір құрылғыға арналған желі ақпаратын жаңартуыңыз керек.
сымсыз маршрутизатор өзгертілді
сымсыз маршрутизатордың құпиясөзі өзгертілді
интернет провайдері өзгертілді
Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі мүмкін.
Функциялар үлгісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін.