Смартфоныңыздағы камера немесе QR кодын оқу құралы арқылы өнімге тіркелген QR кодын сканерлеңіз.
LG ThinQ қолданбасын смартфонда Google Play Store немесе Apple App Store қызметінен іздеп, орнатыңыз.
LG ThinQ қолданбасын іске қосып, қолданыстағы тіркелгімен кіріңіз немесе кіру үшін LG тіркелгісін жасаңыз.
LG құрылғысын қосу үшін LG ThinQ қолданбасындағы қосу (~) түймесін түртіңіз. Процесті аяқтау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару панеліндегі Wi-Fi индикаторы жанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 ГГц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз роутердің нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.
Құрылғы мен сымсыз роутер арасы тым үлкен болса, сигнал күші әлсірейді. Қосылуға көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, роутер құрылғыдан тым алыс орнатылған болуы мүмкін. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.
Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі ақаулыққа байланысты, құрылғыны қосу мүмкін емес. Құрылғыны электр жүйесінен ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын, бір минтуттай күтіңіз.
Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайтадан қосыңыз.