Қозғалысты тану деген не?
Теледидарды жай камера алдында қимылдар жасау арқылы басқаруға болады.
Қозғалысты тану функциясымен арнаны өзгертуге және дыбыс деңгейін басқаруға болады.
Қозғалысты тану функциясымен арнаны өзгертуге және дыбыс деңгейін басқаруға болады.
Қозғалысты тану тек теледидарды көруге арналған функция болып табылады және оған смарт мәзірді пайдаланғанда, мысалы, сымсыз құрылғыларды, соның ішінде ТД қолданбаларын немесе USB порттарын қосқанда қолдау көрсетілмейді.
Image shown may differ from your TV.

Қозғалысты тануды қосу (Саусақ қимылы)
- Smart TV камерасын пайдалануға дайындаңыз. Егер Smart TV камерамен жабдықталмаса, LG бейне қоңыраулар камерасын орнатыңыз. (Қосымша ақпарат алу үшін LG Smart TV орнату нұсқаулығын немесе камера пайдалану нұсқаулығын қараңыз.)
- Камера теледидар қосылғаннан кейін 20-30 секундтан кейін қосылады.

ЖалпыҚозғалысты тануҚозғалысты тану параметрі Қосу мәніне қойылғанын тексеріңіз.- Теледидар көріп отырған кезде камераға қарап, қолыңызды бетіңіздің тұсына дейін көтеріп, екінші саусағыңызбен тіке көрсетіңіз. Теледидар экранында қозғалысты тануды басқару құралы пайда болады. (Камераның қозғалысты тану ауқымын

ЖалпыҚозғалысты тануКАМЕРА БҰРЫШЫН БАПТАУ ішінен тексеруге болады.)

- Мүмкіндікті таңдау үшін қолыңызды солға не оңға қозғаңыз. Мүмкіндікті іске қосу үшін саусағыңызды бүгіп, қайта жазыңыз.
Модельге не аймаққа байланысты, оны Дауыс және қимыл мәзірінен орнатуға болады.
Қозғалысты мына жағдайларда анықтау мүмкін емес:
- Тым қараңғы немесе тым жарық болғанда (қолайлы жарықтық: 50 люкс - 600 люкс)
- Артыңыздағы қатты жарыққа байланысты қолды тану мүмкін болмағанда
- Камера белгісіз қозғалысыңызды команда ретінде танығанда немесе қозғалысты тану кезінде басқа қозғалыстан кедергі келгенде
- Камераға тым жақын немесе одан тым алыс болғаныңызда (1,5 м - 4,5 м)
- Қолғабыңыз немесе орамыңыз болғандықтан, камера саусақтарыңызды анықтай алмағанда.
- Қозғалыс тану кезінде қолыңыз бетіңіздің алдында болғанда.
- Қолыңыздың артында күрделі үлгі болғанда немесе фон қолдарыңызға ұқсас болғанда.
- Басқару құралын ашатын қозғалыс немесе таңдау қозғалысы тым баяу немесе тым жылдам болғанда.
- Күн сәулесі тіке түскенде.
- Екінші саусағыңыздың орнына басқа саусақтарды пайдаланғанда.
Қозғалыс мына жағдайларда анықталмайды:

ЖалпыҚозғалысты тануҚозғалысты тану параметрі Өшіру
мәніне қойылғанда: Қосу мәніне ауыстырыңыз.- Басқа мәзір ТД экранында көрсетілгенде
: мәзірді жауып, қимылыңызды қайта бастаңыз. - (Ішкі камерасы бар модульдер) Ішкі камера жабық болғанда
: ішкі камераны пайдалану үшін ашыңыз.
Қолыңызды жұдырыққа түйіп, екінші саусағыңыздың орта тұсын ерініңіздің ортасына жақындатыңыз. Бұл дыбыс өшіру командасын орындайды.
Қозғалысты тану ТД көру режимінде және кіріс сигналы режимінде ғана іске қосылады.
USB порты немесе сымсыз жолмен қосылған құрылғылар үшін кейбір мүмкіндіктер қозғалысты тану арқылы қолданылмауы мүмкін.
Бір уақытта бірнеше адам қозғалысты тануды орындауға әрекет жасаса, бірінші қимыл ғана танылады. Басқару құралын қолданған кезде қолдарыңызды ауыстыру үшін бірінші қолыңызды түсіріп, басқару құралын экраннан кетіріңіз, одан кейін қозғалысты тану үшін екінші қолыңызды көтеріңіз.
Қолыңыздың тым жылдам немесе қатты қозғалыс жасамауын қадағалаңыз. Бұл камераның жұмысын бұзуы мүмкін. Қолыңызды жайлап бетіңізге жақындатыңыз.
Егер қозғалысты тану дұрыс істемесе, қолдарыңызды түсіріп, оларды қайтадан көтеріңіз.
Егер екінші саусағыңыз қандайда бір бұрышқа бүгілсе, камера оны танымауы мүмкін немесе оны бүгілген саусақ күйінде танып, функцияны жүзеге асыруы мүмкін.