Әмбебап басқару құралын пайдалану
[Бұл функция сиқырлы қашықтан басқару құралына ғана қолданылады.]
[Бұл мүмкіндік белгілі бір елдерде ғана қол жетімді.]
Сигнал түрлендіргіш, Blu-ray ойнатқышы немесе үй кинотеатры сияқты құрылғыларды басқаруға болады.
[Бұл мүмкіндік белгілі бір елдерде ғана қол жетімді.]
Сигнал түрлендіргіш, Blu-ray ойнатқышы немесе үй кинотеатры сияқты құрылғыларды басқаруға болады.
- Орнатқыңыз келген құрылғының теледидарға қосылғанын тексеріңіз.
- Сиқырлы қашықтан басқару құралындағы
түймесін басқаннан кейін, «Құрылғыны таңдау» тізімінен басқарғыңыз келген құрылғыны таңдаңыз.
Егер іздеген құрылғылар табылмаса, кіріс экранына өтіп,
БАРЛЫҚ КІРІСТЕР тармағына өтіп. Кіріс нұсқауларын көру үшін осы жерді басыңыз. - «Құрылғыны таңдау» тізімінен құрылғы таңдалғанда, экранды қашықтан басқару құралы құрылғыны басқаруға өзгертіледі.
Қосымша басқару түймелерін көру үшін экранды қашықтан басқару құралының төменгі жағынан
опциясын таңдаңыз.
Әмбебап басқару құралының параметрлерін өзгерту немесе бас тарту

БАРЛЫҚ КІРІСТЕР тармағына өтіп, қажетті құрылғыны таңдаңыз. Егер ӘМБЕБАП БАСҚАРУДЫ ОРНАТУ тармағын таңдасаңыз, кірісті орнатуға немесе ажыратуға болады.
Параметрлерін өзгерткен кезде, өзгертілетін құрылғының қосылатынын тексеріңіз.
Әр түр үшін бір құрылғыны орната аласыз.
Экранды қашықтан басқару құралының көмегімен параметрлер экранында берілген брендтегі немесе өндірушінің құрылғыларын ғана басқара аласыз.
Әмбебап басқару құралын орнатпас бұрын желіге қосылсаңыз, қолдау көрсетілген өндірушілер тізімінің ең соңғы жаңартуы қол жетімді болады.
Кейбір түймелер сыртқы құрылғының моделіне байланысты істемеуі мүмкін.
Мінсіз пайдалану үшін құрылғыны теледидар жанына қойыңыз.
Құрылғы тартпада болса, тартпаны ашыңыз.
Түпнұсқалы сигнал түрлендіргіш сандарынан ерекшеленетін арна нөмірлерін қолмен тағайындап қойсаңыз, әмбебап басқару құралы дұрыс істемеуі мүмкін.