USB сымды/сымсыз тінтуірін пайдалану
Тінтуірді USB портына қосыңыз. Теледидар экранында меңзерді жылжыту және қажетті мәзірді таңдау үшін тінтуірді пайдаланыңыз.
Тінтуір Сиқырлы қашықтан басқару құралы
Сол жақ түйме Сиқырлы қашықтан басқару құралындағы OK түймесі
Дөңгелек түймесі Сиқырлы қашықтан басқару құралындағы Дөңгелек (OK) түймесі
Тінтуірдегі оң жақ және арнайы түймелер істемейді.
Сымсыз USB тінтуірін/пернетақтасын пайдаланғанда, арақашықтық және сымсыз байланыстың күйі жұмысқа әсер етуі мүмкін.
USB сымды/сымсыз пернетақтасын пайдалану
Пернетақтаны USB портына қосыңыз. Іздеу функциясын және интернетті пайдаланғанда, мәтінді пернетақта көмегімен енгізуіңізге болады.
Кейбір экрандарға мәтін енгізу мүмкін емес.
LG теледидарларымен үйлесімділігі тексерілген өнімді пайдалану ұсынылады.
LOGITECH K360, LOGITECH K400, LOGITECH K750, LG Electronics MKS-1200
Енгізу тілін пернетақтадағы тілді ауыстыру пернесін (немесе оң жақ Alt пернесін) басып ауыстыруға болады.
Қолданыс ауқымы мен сымсыз орта сымсыз USB пернетақтасын пайдалануға әсер етуі мүмкін.
Мәтіндік өріске мәтінді енгізу үшін ТД экранындағы экрандық пернетақтаны немесе USB пернетақтасын пайдаланыңыз.
Ойын тақтасын пайдалану
Ойын үшін ойын тақтасы қажет болса, теледидардың USB портына ойын тақтасын жалғаңыз.
LG теледидарларымен үйлесімділігі тексерілген ойын тақтасын пайдалану ұсынылады.
LOGITECH F310, LOGITECH F510, LOGITECH F710, LOGITECH Rumblepad 2, LOGITECH Cordless Rumblepad 2, LOGITECH Dual Action Gamepad, MICROSOFT Xbox 360 Controller (кабель), SONY Playstation(R)3 Controller