Q Voice деген не?
Q Voice дауыс арқылы бағдарламалар мен мазмұнды іздеуге және LG Smart TV функциясын басқаруға мүмкіндік береді.
- Сиқырлы қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз. - Төменде көрсетілгендей дауысты тану ақпараттық дисплейі ТД экранының төменгі сол жақ бұрышында ашылғанда қажетті команданы айтыңыз.

- Қолдау көрсетілетін дауыстық нұсқаулықты көру үшін дауысты тану ақпараттық дисплейі көрсетілгенде түймесін басыңыз.
Көрсетілген сурет теледидарда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Q Voice функциясын қалай пайдалануға болады?
Әр Q Voice функциясын пайдалану үшін желі, бағдарлама, аймақ және уақыт сияқты опцияларды орнату қажет.
Q Voice функциясын пайдалану үшін дауысты тану тілін таңдалған елге орнату қажет.
Дауысты тану тілін
ЖалпыТіліДауысты тану тілі мәзірінен өзгертуге болады.
ЖалпыТіліДауысты тану тілі мәзірінен өзгертуге болады. Елге байланысты Q Voice функциясын аймақтарсыз немесе бағдарламаларсыз пайдалануға болады.
Q Voice функциясының дауысты тану көрсеткіші пайдаланушының жеке ерекшеліктері (дауысы, айтуы, интонациясы мен жылдамдығы) мен ортаға (шуыл мен теледидар дыбысының деңгейі) байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Дауысты тану дәлдігін жақсарту үшін сиқырлы қашықтан басқару құралы микрофонынан шамамен 10 см қашықтықта анық және қатты айту керек.
Дауыс дұрыс танылмаса, Q Voice функциясы талаптанғаныңызға қарамастан дұрыс жұмыс істеуі мүмкін.
Қосымша құрылғыны LG Smart TV теледидарына жалғағаннан кейін сиқырлы қашықтан басқару құралында Q Voice функциясын пайдаланғанда дауыстық пәрмен танылғаннан кейін сиқырлы қашықтан басқару құралы бағытын қосымша құрылғыға қаратуға кеңес беріледі.
Q Voice қандай мүмкіндіктерді түсінеді?
Q Voice функциясын пайдаланып түрлі ТД мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады.
| Іздеу және ұсыныс | Хабар тарату бағдарламалары мен мазмұнын іздейді және ұсынады. |
| Бағдарламалар | Телебағдарламаларды ауыстырады немесе бағдарлама туралы ақпаратты көрсетеді. |
| Time Machine | Time Machine үшін жазу функциясын қосады. |
| Ақпарат және интернет | Ауа-райы болжамын іздейді және Интернетті шолуға мүмкіндік береді. |
Қол жетімді функциялар елге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Қолдау көрсетілетін пәрмендердің мысалдарын дауыстық нұсқаулықтан қараңыз.