Мәселе туралы хабарламас бұрын
Егер өнімді пайдаланып жатқан кезде мәселелердің бірі орын алса, мыналарды тексеріңіз: мәселе өнімде болмауы мүмкін.
Дұрыс жұмыс істемеу
Мәселе
Шешімі
Кейбір бағдарламаларды көре алмаймын.
  • Антеннаның орнын немесе бағытын дұрыстаңыз.
  • Қажетті бағдарламаларды Арналарды реттеу немесе Арна реттеушісі ішінен сақтаңыз.
Қосылғаннан кейін біраз уақыт экран ашылмайды.
  • Себебі шуыл кетіретін процесс қосылған кезде пайда болуы мүмкін ықтимал шуылды кетіріп жатыр. Ол өнімде ақаулық бар екенін білдірмейді.
[ЕО] SCART шығыс сигналы қалыпты емес.
  • Мультимедиа файлдарын ойнатуға арналған қолданбалар фонда қосылып тұрғанда SCART шығысы қолжетімді болмауы мүмкін.
Экран мәселелері
Мәселе
Шешімі
Экран қабаттасып қалады немесе барлық бағдарламаларда не кейбір бағдарламада жолақтар бар.
  • Антеннаны хабар тарататын станцияға қарай бұрыңыз немесе антеннаны дұрыстап «Антеннаны қалай жалғау керек» бөліміне сәйкес жалғаңыз.
Тік/көлденең сызықтар және таза үлгі пайда болғаннан кейін экран дірілдейді.
  • Сымсыз телефондар, шаш кептіргіштер, электр бұрғылар және т.б. сияқты заттарды пайдалануды тоқтатыңыз. Себебі мәселе басқа теледидар сияқты жоғары жиілікті электрондық құрылғылар немесе күшті электромагниттік көздер арқылы туындайды.
Сандық хабар тарататын бағдарлама тоқтап қалады немесе экраны бұзылып шығады.
  • Сигнал әлсіз немесе тұрақсыз қабылдағанда, осындай болады. Антенна бағытын дұрыстаңыз немесе кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
  • Егер сигналдың күші Қолмен баптау кезінде тым төмен болса, хабар тарататын станцияға немесе басқармасына сигналды тексерту үшін хабарласыңыз.
Кабельді теледидар жүйесін пайдаланып отырғанның өзінде, сандық хабарларды көре алмаймын.
  • Кабельді теледидар қызметінің провайдерінен абоненттік ақпаратыңызды біліңіз немесе сигналды тексеруін сұраңыз.
    (Кейбір өнімдер сандық хабарлар бермейді.)
HDMI кабелін пайдаланғанда, экран бос немесе кескін бұлыңғыр болып кетеді.
  • HDMI® кабелінің қажетті стандарттарға сай екенін тексеріңіз. Егер ол сертификатталған HDMI® кабелі болмаса, экран жыпылықтауы немесе ештеңе көрсетпеуі мүмкін.
  • Кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Дұрыс жалғамаудан экран жыпылықтауы мүмкін.
USB құрылғысын қосқанымда, ол істемейді.
  • USB және USB кабелі нұсқаларының 2.0 не одан жоғары екенін тексеріңіз.
Дыбыс мәселелері
Мәселе
Шешімі
Экран анық, бірақ ешқандай дыбыс шықпайды.
  • Басқа бағдарламаны қосып көріңіз.
  • Дыбыс шығысы параметрінің ТД үндеткіші мәніне қойылғанын тексеріңіз.
Стерео дыбыс аналогтық бағдарламада анық емес немесе динамиктердің біреуінен дыбыс шықпайды.
  • [Мультиплексті дыбыспен хабар таратылатын елдерде ғана қолданылады.]
    Хабар тарату аясынан тыс жерде болсаңыз немесе мультиплексті дыбыспен хабар тарату тұрақсыз болса, Мульти аудио ішінен Mоно тармағын таңдаңыз.
  • Жылжу түймесімен Баланс ішінен қажетінше балансты дұрыстаңыз.
ТД дыбысы суретпен синхрондалады немесе дыбыс кейде үзіліп кетеді.
  • Егер кейбір бағдарламаларда ғана солай болса, оған хабар тарататын компанияның тарату сигналы себеп болуы мүмкін. Хабар тарату қызметінің провайдеріне (сымды/сымсыз) мәселені тексертіңіз.
Бағдарламаны ауыстырған кезде, дыбыс деңгейі де өзгереді.
  • Басқа станциялардың таратылу шығысының дыбыс деңгейі әр түрлі болуы мүмкін.
  • Авто дыбыс қаттылығы режимін Қосу параметріне орнатыңыз.
Дыбыс істемейді немесе кейбір бағдарламаларда қосымша музыка ғана ойнатылады.
(Хабар тарататын компаниялардың экспортынан шығатын бағдарламалар)
  • Тіл параметрін ТіліДыбыстық сүймелдеу тілі ішінен орнатыңыз.
HDMI/USB портына қосқанымда, дыбыс шықпайды.
  • Жоғары жылдамдықты HDMI® кабелін пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз.
  • USB және USB кабелі нұсқаларының 2.0 не одан жоғары екенін тексеріңіз.
  • Қалыпты музыкалық файлды (*mp3) пайдаланыңыз.
Компьютерді жалғау мәселелері
Мәселе
Шешімі
Ол компьютерге қосылғаннан кейін экранға ештеңе шықпайды.
  • Компьютердің теледидарға дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
  • Қашықтан басқару құралымен теледидарды өшіріп, қайта қосыңыз.
  • Компьютерді теледидар қосылып тұрғанда өшіріп қосыңыз.
  • Ағымдағы экран ажыратымдылығының компьютер кірісін қолдайтынын тексеріңіз.
  • Қос мониторды пайдалану үшін компьютердің немесе ноутбуктың қос монитор режимін қолдайтынын тексеріңіз.
  • HDMI кабелін қайта жалғаңыз.
Компьютер HDMI кабелімен қосылғанда дыбыс шықпайды.
  • HDMI аудио кірісін тексеру үшін бейне картаңыздың өндірушісіне хабарласыңыз.
    (DVI форматымен пайдалануға арнап жасалған бейне карталарды аудио кабельмен бөлек жалғау керек.)
Ол компьютерге қосылғаннан кейін экран өшіп қалады немесе бір жағына ауысады.
  • Компьютер кірісін қолдайтын ажыратымдылыққа қойыңыз.
    (Ажыратымдылықты өзгерткеннен кейін компьютеріңізді өшіріп қосыңыз.)
SmartShare фильм көрсету мәселелері
Мәселе
Шешімі
Файлды Бейнелер ішінен таба алмадым.
  • USB сақтау құрылғысындағы файлдарды компьютердің оқитынын тексеріңіз.
  • Файл кеңейтіміне қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
«This file is not supported» (Бұл файлға қолдау көрсетілмейді) деген хабар шығады не болмаса дыбыс бірқалыпты шығады, бірақ бейнесі шықпайды.
  • Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
  • Ажыратымдылыққа қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
  • Бейне/дыбыс кодегінің қолданылатынын тексеріңіз.
  • Жақтауға қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
«This audio is not supported» (Бұл дыбысқа қолдау көрсетілмейді) деген хабар шығады не болмаса бейне бірқалыпты шығады, бірақ дыбыс шықпайды.
  • Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
  • Аудио кодегінің қолданылатынын тексеріңіз.
  • Бит берілу жылдамдығын қолдау мүмкіндігін тексеріңіз.
  • Іріктеу жиілігін қолдау мүмкіндігін тексеріңіз.
Субтитрлер көрінбейді.
  • Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
  • Бейне мен субтитр файлдарының атауы бірдей екенін тексеріңіз.
  • Сондай-ақ бейне файл мен субтитр файлының бір қалтада екенін тексеріңіз.
  • Субтитр файлының пішіміне қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
  • Тілге қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
    (Файлды Notepad бағдарламасында ашып, субтитр тілін тексеруге болады.)
Смарт функциялар
Мәселе
Шешімі
Мәзірге кіргенімде, «Жүктелуде...» хабары әрдайым шығады.
  • Жүктелуде... хабары орталық процессор мен аппараттық құралды іске қосу уақытын, желіге қосылу параметрін немесе SDP серверімен байланысу уақытын көрсетеді (құрылғыны авторизациялау және негізгі ақпарат жүктеу). Оған қалыпты жағдайда 20 секундтай кетеді.
Тіркелу процесі
Мәселе
Шешімі
Теледидарға тіркеліп қойғанмын. Маған тағы да веб-сайтта (www.lgappstv.com) қайтадан тіркелу керек пе?
  • Егер теледидарға тіркеліп қойсаңыз, веб-сайтта қайтадан тіркелудің қажеті жоқ.
    Электрондық поштаны растау процесін аяқтау үшін бірдей идентификатор мен құпия сөзді пайдаланып және қосымша ақпаратты енгізіп, веб-сайтқа кіріңіз.
Отбасы мүшелерінің бір теледидарда әр түрлі идентификаторларды пайдалануына бола ма?
  • Әр ТД-ға бірнеше идентификаторды тіркеуге болады.
Идентификаторымды ұмытып қалдым. Не істеуім керек?
  • Компьютерде тіркелсеңіз, идентификаторыңызды веб-сайттан (www.lgappstv.com) табуға болады.
Кейбір елдерде веб-сайтқа (www.lgappstv.com) кіру шектеулі болуы мүмкін.
Мазмұн мәселесі
Мәселе
Шешімі
Ешқандай мазмұнды Бастапқы ішінен көрмедім.
  • Қызметтер елі параметрі өзгертілсе, мазмұнын көре алмауыңыз мүмкін. Пайдаланылатын қызметтің елін HomeSettingsЖалпыОрныLG қызметтер елі тармағында өзгертіңіз.
Интернет браузері
Мәселе
Шешімі
Интернетті пайдаланғанымда, белгілі бір веб-сайттың кейбір бөліктері көрінбейді.
  • Веб-шолығыш мыналардан басқа пішімдерде медиа файлдарын ойнату мүмкін болмауы ықтимал:
    JPEG/PNG/GIF
Веб-сайтқа кіргенімде, интернет браузері автоматты түрде жабылып қалады.
  • Қол жетімді жад өлшемі веб-сайттың сурет туралы ақпаратын орналастыруға жеткіліксіз болса, интернет браузері күшпен жабылуы мүмкін.
Өнімнің мәселелеріне арналған тұтынушылар қызметі туралы ақпарат теледидардағы HomeSettingsЖалпыОсы теледидар туралы бетінде болады.