Әр түрлі жазу функцияларын пайдалану
LG Smart TV теледидарымен әр түрлі жазу функцияларын пайдалануға болады.
Жедел жазуды пайдалану
- Көріп отырған бағдарламаны бірден жазу үшін сиқырлы қашықтан басқару құралындағы түймесін басыңыз, одан кейін пайда болған орындалу барысы жолағындағы Жазу түймесін басыңыз.
- Жазылып жатқан кезде Жазу түймесі Жазуды тоқтату түймесіне өзгереді.
Мазмұнды қорғау технологиясы қолданылатындықтан, жазылған бейне компьютерде немесе басқа ТД модельдерінде ойнатылмауы мүмкін.
Сондай-ақ, егер теледидардың бейне сигнал тізбегі алмастырылса, бейнені ойнату мүмкін болмайды.
Жазуды бастамас бұрын жазу уақытын белгілеуге болады және жазып жатқанда Жазу түймесін басу арқылы уақытты өзгертуге болады.
Жазу уақыты USB жад құрылғысының сыйымдылығына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Егер бірнеше USB сақтау құрылғысы қосылса, соңғы жылдам жазылған сақтау құрылғысы автоматты түрде таңдалады.
[Бұл мүмкіндік кейбір елдерде ғана қол жетімді.]
Егер ешқандай USB сақтау құрылғысы қосылмаса, жазба ішкі жадқа сақталады. Басқа жазбаларды сақтау үшін USB құрылғысын қосыңыз.
Егер ешқандай USB сақтау құрылғысы қосылмаса, жазба ішкі жадқа сақталады. Басқа жазбаларды сақтау үшін USB құрылғысын қосыңыз.
Жазылып жатқанда, жазу туралы ақпаратты көрсету үшін түймесін басыңыз.
Еліңізге байланысты түймесінің жұмысы өзгеше болуы мүмкін.
Жазып жатқанда USB кабелін ажыратуға болмайды.
Жазу кезінде теледидарды мәжбүрлеп өшірсеңіз, жазылған мазмұн сақталмауы мүмкін. Ең дұрысы — теледидарды өшірер алдында жазуды тоқтатып, бағдарламаның жазылғанын тексерген жөн.
Жазуды тоқтату үшін орындалу жолағындағы немесе экранды қашықтан басқару құралындағы Жазуды тоқтату түймесін басып, Жазуды тоқтату опциясын таңдаңыз.
Бағдарлама туралы ақпарат серияларды жазуға болатынын көрсетсе, хабарландыру хабары пайда болады. Серияларды жазғыңыз келсе, осы опцияны таңдаңыз.
Жазбаларды жоспарлау
Бұл функция арнайы бағдарламаны жазу үшін уақыт пен күнді белгілеуге пайдаланылады.
түймесін басып, экранның төменгі оң жағындағы
ні басыңыз. ТД нұсқаулығы немесе Time Machine қолданбасын таңдап, жазбаны жоспарлауға болады.
түймесін басып, экранның төменгі оң жағындағы
ні басыңыз. ТД нұсқаулығы немесе Time Machine қолданбасын таңдап, жазбаны жоспарлауға болады. | Бағдарлама бойынша жоспарлау | Қолмен жоспарлау |
| [Сандық хабар таратуға қолданылады.] Көру не жазу үшін көрсетуді жоспарлауды таңдауға болады. |
Бағдарламаларды көру не жазу үшін күнін, уақытын және бағдарламаны таңдауға болады. |
Жазбаларды жоспарлау үшін Time Machine қолданбасы пайдаланылғанда, Қолмен жоспарлау опциясы ғана қол жетімді болады. Бағдарлама туралы ақпаратты тексеру және жазуды жоспарлау үшін ТД нұсқаулығы қолданбасын таңдаңыз.
Жоспарланған жазудың ұзақтығы кемінде 2 минут болуы тиіс.
Сериялар жазу
[Бұл мүмкіндік кейбір модельдер мен елдер үшін ғана қол жетімді.]
Бағдарлама туралы ақпаратты көрсету терезесінде сериялар туралы қолданыстағы ақпарат болса, сериялар жазу функциясын пайдалануға болады. Таңдалған бағдарламаның әрбір эпизодын автоматты түрде жазу үшін сериялар жазу функциясы пайдаланылады.
Егер бағдарлама туралы ақпаратта бағдарламаның сериялардың бір бөлігі екені көрсетілсе, теледидарды көріп отырғанда немесе Сериялар жазылды ТД орындалып жатқанда ТД нұсқаулығы ішіндегі Жедел жазу арқылы Series Recording опциясын орнатуға болады.

Жазылған серияларды ойнату үшін Time MachineСериялар жазылды опциясын таңдаңыз. Одан кейін жазылған серияларды көруге болады.
Бұл функцияларды пайдалану үшін аймағыңызды және желі күйін тексеріңіз.
Көруді және жазуды пайдалану
[Бұл мүмкіндік кейбір модельдерде ғана қол жетімді.]
Бұл мүмкіндік басқа бағдарламаны көріп отырғанда бағдарламаны жазуға мүмкіндік береді.
Бұл мүмкіндік басқа бағдарламаны көріп отырғанда бағдарламаны жазуға мүмкіндік береді.
[Сандық хабар таратуға қолданылады.]
Сыртқы құрылғыдағы мазмұнды көріп отырғанның өзінде немесе смарт функция пайдаланылғанда, осы мүмкіндікті қолдануға болады.
Сыртқы құрылғыдағы мазмұнды көріп отырғанның өзінде немесе смарт функция пайдаланылғанда, осы мүмкіндікті қолдануға болады.
Аналогтық бағдарламаларды бір уақытта көруге және жазуға болмайды. Аналогтық бағдарлама жазылып жатқан кезде бағдарламаны ауыстырсаңыз, сізді сандық хабар таратуға автоматты түрде ауыстырады.
Жазып жатқан кезде нені еске сақтау керек:
Жазып жатқан кезде кейбір функциялар қол жетімді болмауы мүмкін.
Опциялар модельге байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Кіріс сигнал арқылы жазғанда Component және HDMI ұяларына қосылған бағдарламалар жазылмайды.
Теледидар арқылы сыртқы HDD құралына жазылған мазмұн компьютерде қауіпсіздік себептеріне байланысты ойнатылмауы мүмкін.
USB флеш жетектерін пайдалануға болмайды.
USB құрылғысында ақау болса, Time Machine функциясы қалыпты жұмыс істемеуі мүмкін.
USB хабы не ұзартқыш кабелі пайдаланылған кезде USB құрылғысы дұрыс істемеуі мүмкін.
Сақтау құрылғысы Time Machine мүмкіндігінен басқа мақсат үшін пайдаланылса, бос орын жеткіліксіз болса, жазу тоқтатылуы мүмкін. Бос орны жеткілікті сақтау құрылғысын пайдалануға кеңес беріледі.