Сурет режимін таңдау
HomeSettingsСуретСурет режимі
Көру ортаңызға, қалауыңызға немесе бейне түріне өте сай келетін сурет режимін таңдаңыз.
Шынайы Контрастын, ашықтығы мен айқындығын арттырып, суретті айқындайды.
Стандартты Суретті қалыпты контраст, ашықтық және айқындылық деңгейлерімен көрсетеді.
Eco / APS [Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде қол жетімді.]
Қуат үнемдегіш мүмкіндігі теледидардағы параметрлерді қуат тұтынылуын азайтатын етіп өзгертеді.
Фильмдер Фильмдер экранын оңтайландырады.
Спорт / Футбол Спорт ойындары үшін экранды оңтайландырады. Допты тебу немесе лақтыру сияқты жылдам қозғалыстардың суретін айқындайды.
Спорттың атауы аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Ойын Ойын ойнау үшін экранды оңтайландырады.
Фотосурет [тек Ultra HD үлгісінде]
Бұл режим суреттерді қарау үшін қолайлы. Бастапқы фотосурет сапасының төмендеуін азайта отырып, ол фотосуреттерді біркелкі етіп көрсетеді.
Expert Маманға немесе сурет сапасы ұнайтын адамға ең жақсы сурет сапасын баптауға мүмкіндік береді. Бұл опция ISF сертификатталған сурет сапасын баптайтын мамандарға берілген реттеуші мәзір болып табылады. (ISF логотипін ISF сертификатталған теледидарымен бірге ғана пайдалануға болады.)
ISFccc: кескін ғылымдары негізін сертификаттайтын калибрді басқару
Өзгермелі элементтер үлгіге немесе елге байланысты өзгеше болады.
Кіріс сигналына байланысты қол жетімді сурет режимдері әр түрлі болуы мүмкін.
Expert опциясы маманға арнайы кескін арқылы суреттің сапасын нақты баптауға мүмкіндік береді. Сондықтан ол жалпы суретке тиімді болмауы мүмкін.
Смарт сурет режимін пайдалану
HomeSettingsСуретСмарт сурет режимі
Ол қосылғанда, ТД көрсетіліп отырған бағдарламаның жанры бойынша алатын деректерге қарай оңтайлы суретті автоматты түрде реттейді.
Бұл режимді қосу үшін опцияға Қосу мәнін қойыңыз.
Бұл мүмкіндік тек кейбір елдерде қол жетімді.