Құрылғы коннекторын пайдалану
түймесін басып, Бастапқы мәзірдің төменгі оң жағында
параметрін таңдаңыз. Құрылғы коннекторын бастауға болады. Сыртқы құрылғылардың теледидармен байланысын оңай орнатуға болады.
[Қол жетімді орнату опциялары үлгі мен елге байланысты өзгереді.]
[Қол жетімді орнату опциялары үлгі мен елге байланысты өзгереді.]
| Қосымша құрылғы | Қосымша құрылғымен байланыс орнатады.
Кейбір үлгілер үшін жұмыс істемеуі мүмкін. Параметрлер немесе функциялық қателер пайда болған кезде бастапқы бетімізде (http://www.lgappstv.com/ur_support) құрылғының үлгі атауын қалдырыңыз. Мәселені қарап, қолдау көрсетеміз. Басқа нөмірді бастапқы STB арна нөмірлеріне өзгертсеңіз (немесе тағайындасаңыз), арнаны сақтаудың дұрыс істемеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. |
| Blu-ray/DVD ойнатқыш | Blu-ray/DVD ойнатқышы режимінде қосылым параметрлерін өзгертеді. |
| Home Theatre | Теледидарды үй кинотеатры режимінде қарау үшін байланыс параметрлерін өзгертеді. |
| Дыбыс тақтасы | Теледидарды дыбыс тақтасы режимінде қарау үшін байланыс параметрлерін өзгертеді. |
| Ойын консолі | Теледидарда ойындар ойнау үшін байланыс параметрлерін өзгертеді. |
| Смартфон | Теледидарды смартфонға қосу үшін байланыс параметрлерін өзгертеді. Сымды/сымсыз желіге қосылуға болады. |
| Компьютер | Дербес компьютерді теледидарға қосу үшін байланыс параметрлерін өзгертеді. Сымды/сымсыз желіге қосылуға болады. |
| Сыртқы сақтау | Сыртқы сақтауға қосуға және теледидардағы мазмұнды қарауға болады. |
| Басқа түрлері | Басқа құрылғыларды орнатуға болады. |
Әмбебап басқару құралы қосылу үшін қол жетімді құрылғы ретінде таңдалса, әмбебап басқару құралын орнату бетіне тікелей ауысуға болады.