Content Share деген не?
Content Share функциясы бір желіге қосылған компьютерге немесе смартфонға сақталған бейнелерді, музыка мен фотосуреттерді қызықтауға мүмкіндік береді.
Смартфонды теледидармен бірге қосу
  1. Ұялы құрылғыңызда Wi-Fi қосылғанын тексеріңіз.
    Теледидар мен смартфон бір сымсыз желіге қосылуы керек.
  2. Ұялы құрылғыңыздағы файлдарды бөлісуге мүмкіндік беретін қолданбаны орнатып іске қосыңыз.
  3. Ұялы құрылғыңызда бөлісуді таңдаңыз.
  4. Көрсетілетін мазмұнның түрін (бейне/музыка/фотосурет) таңдаңыз.
  5. Теледидарда ойнатылатын бейне, музыка немесе фотосуретті таңдаңыз.
  6. ОЙНАТУ ТІЗІМІН ашу үшін Қосу белгішесін басыңыз.
  7. Мазмұнды ойнатқыңыз келген құрылғыдағы Теледидар атауы опциясын таңдаңыз. (Теледидар атауы опциясын мына жерден тексеруге болады: HomeSettingsЖеліТеледидар атауы.)
  8. Таңдалған файлды теледидардан көру үшін ( Play ) түймесін басыңыз.
Мазмұнды компьютердегі бөлісетін бағдарламамен ойнату
Егер компьютердің операциялық жүйесі Windows 7 не Windows 8 болса, қосымша бағдарлама орнатпай, музыканы, бейнені немесе фотосуреттерді теледидардан көруге болады.
  1. Бірдей желідегі теледидар мен компьютерді реттеңіз. Сонымен бірге компьютерге Windows 7 не Windows 8 нұсқасы орнатқан желіні реттеңіз.
  2. Тінтуірдің оң жақ түймесімен қажетті музыканы, бейнені не фотосуретті басып, таңдалғанды ойнату үшін Windows 7 не Windows 8 нұсқасында берілген Play To функциясымен моделін таңдаңыз.
    Ұялы телефоныңыз сияқты басқа құрылғыларда ойнату үшін тиісті пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
  3. Бірнеше ТД немесе құрылғы қосылғанның өзінде, таңдалған файл бір-ақ құрылғының көмегімен ойнатылады. Ойнату жылдамдығы желі байланысына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Компьютерге/смартфонға сақталған мазмұнды ойнату үшін SmartShare PC бағдарламасын пайдаланыңыз
SmartShare PC бағдарламасын немесе смартфонды пайдаланып, компьютерге сақталған музыканы/бейнелерді/фотосуреттерді үй желісіне қосып, оларды теледидарда ойнатуға болады.
  1. Бер желідегі SmartShare көмегімен орнатылған теледидар мен құрылғыны (мысалы, смартфон) реттеңіз. SmartShare қызметі теледидар мен барлық құрылғылар бір роутерге қосылғанда ғана қол жетімді болады.
  2. Егер компьютер пайдаланылса, SmartShare PC бағдарламасын веб-сайттан жүктеп орнатыңыз. Орнатудан бұрын брандмауэр немесе вирусқа қарсы бағдарлама сияқты компьютердегі ашық бағдарламалардың барлығынан шығыңыз.
  3. Ортақ файлды теледидарда көру үшін сервер істеп тұруы керек.
Веб-сайт ақпаратын тексеру мақсатында Негізгі экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Home_right опциясын таңдау үшін Home түймесін басыңыз. Ақпаратты мына жерден тексеруге болады: Құрылғы коннекторыPCМАЗМҰНДЫ ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ.
SmartShare PC бағдарламасын пайдалану туралы ақпаратты бағдарламаның анықтамасынан қараңыз.
Content Share дұрыс істемей тұрғанда
Мазмұн бөлісу опциясы дұрыс істемей тұрса, желі параметрлерін тексеріңіз.
1080p бейнесін Contents Share функциясымен көру үшін 5 ГГц жиілікті пайдаланатын роутер қажет. Егер 2,4 ГГц роутер пайдаланылса, бейне дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
Сымсыз желіде дұрыс істемеуі мүмкін. Сымды желіге қосылған дұрыс.
Бейнені ойнатқанда, мульти аудио және жабық субтитр функциялары қолданылмауы мүмкін.
Егер бірнеше теледидар бір құрылғыға қосылса, мазмұн сервердің жұмысына қарай дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
Кейбір қосылған құрылғыларда субтитрлерге ғана қолдау көрсетіледі.
Желі ортасына байланысты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Мульти кастқа (multi-cast) қолдау көрсетпейтін роутер үшін Content Share функциясына қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін роутермен бірге келетін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе өндірушіге хабарласыңыз.
Теледидар қолдау көрсететін файл пішімі үшін де қолдау көрсетілетін файл пішімі қосылған құрылғы ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін.
Бір қалтада тым көп қалта немесе файл болса, ол дұрыс істемеуі мүмкін.
Қосылған құрылғыдан импортталған файл туралы ақпарат дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Субтитрлерді оқуға SmartShare PC бағдарламасы ұсынылады.
Субтитр файлы кейінірек қосылғанда, ортақ қалтаны өшіріп, оны қайтадан қосыңыз.
Қосылған құрылғыдағы DRM файлдары ойнатылмайды.
ULTRA HD бейнелеріне (3840 x 2160) қолдау көрсетілмейді.