SIMPLINK мүмкіндігін пайдалану
Қашықтан басқару құралын пайдаланып SimpLink мәзірі арқылы мультимедианы оңай пайдалану үшін SimpLink түрлі мультимедиа құрылғыларын қадағалауға мүмкіндік береді.
  1. HDMI кабелімен SIMPLINK HDMI шығыс портын теледидардың HDMI кіріс портына жалғаңыз.
  2. HomeSettingsЖалпыSIMPLINK.
  3. SIMPLINK параметрлерін реттеңіз.
  4. SIMPLINK параметрлер бетінен шығыңыз.
  5. Жалғанған құрылғыны қосыңыз. Құрылғы автоматты түрде теледидарға қосылады.
  6. Құрылғы теледидарға автоматты түрде қосылмаса, Кіріс түймесін басыңыз.
Үй кинотеатрын немесе дыбыс тақтасын қолданған кезде келесі нұсқауларды қараңыз.
  1. HDMI кабелі жалғанбаса, әдепкі дыбыс параметрі оптикалық сандық түріне орнатылған.
  2. HDMI ARC құрылғысы HDMI ARC кіріс портына қосылған болуы керек.
  3. Сыртқы үндеткіш үшін параметрлерді реттеу мақсатында SettingsДыбысДыбыс шығысы тармақтарын таңдаңыз.
  4. SIMPLINK мүмкіндігіне қолдау көрсететін үй кинотеатрлары үшін HDMI кіріс портына қосыңыз және одан кейін теледидардың оптикалық сандық шығыс портын оптикалық кабельді (бөлек сатылады) қолданып SIMPLINK байланысқан құрылғысының оптикалық сандық кіріс портына жалғаңыз.
Бұл мүмкіндік логотипімен жұмыс істейді. Сыртқы құрылғыда SIMPLINK логотипін тексеріңіз.
Құрылғы талап етілетін техникалық сипаттамаларға сәйкес келмесе, ақау туындауы мүмкін.
SIMPLINK мүмкіндігін пайдалану үшін CEC (тұтынушының тұрмыстық техникасын басқару) функциясы бар жоғары жылдамдықтағы HDMI® кабелі керек. Жоғары жылдамдықтағы HDMI® кабелінің Pin 13 түрі құрылғылар арасында деректерді беру үшін қолданылады.
Оптикалық кабель жалғау оптикалық сандық порты бар үлгілерде ғана қолдау көрсетіледі.
Қолдау көрсетілетін SIMPLINK функциялары
Бірден ойнату Мультимедиа құрылғысын іске қосқан кезде, ешнәрсені бақылау қажеттігінсіз теледидарда құрылғының мазмұнын бірден қарауға болады.
Мультимедианы қарау Мазмұнды қарау үшін пайдаланушыға теледидардың қашықтан басқару құралымен мультимедиа құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді.
Қуатты өшіру «Авто қосуды синхрондау» SIMPLINK параметрлерінде «Қосу» күйіне орнатылса, теледидарды өшіру барлық SIMPLINK байланысқан құрылғыларды өшіреді.
Қуатты қосу «Авто қосуды синхрондау» SIMPLINK параметрлерінде «Қосу» күйіне орнатылса, SIMPLINK байланысқан құрылғыны қосу теледидарды да қосады.
Үндеткішті өзгерту Үй кинотеатры немесе теледидар үндеткішінің бірін таңдауға болады.