Wi-Fi Direct функциясын пайдалану

ЖеліWi-Fi Direct Wi-Fi Direct — теледидарды Wi-Fi Direct арқылы қосылған құрылғыға интернет байланысынсыз қосуға мүмкіндік беретін функция. SmartShare көмегімен Wi-Fi Direct арқылы қосылған құрылғыға сақталған файлдарды көре аласыз.
- Wi-Fi Direct опциясын Қосу мәніне қойыңыз. (Оны пайдалануды тоқтатқанда, оны қайтадан Өшіру мәніне қойыңыз.)
- Қосылғыңыз келген құрылғыда Wi-Fi Direct функциясын қосыңыз.
- Теледидарға қосуға болатын құрылғылар тізімі көрсетіледі.
- Қосылатын құрылғыны таңдаңыз.
- Егер қажетті құрылғы сұрауды қабылдаса, Wi-Fi Direct қосылады.
- Теледидарда ойнату үшін SmartShare арқылы қосылған құрылғыда бейне, музыка файлын немесе фотосуретті таңдаңыз.
- SmartShare көмегімен Wi-Fi Direct арқылы қосылған құрылғыға сақталған файлдарды көре аласыз.